Марафон жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

Спорт
07.06.2024, 09:40
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Владимир Петров жақында өткен Спартакиада мен «Charity Samruk Marathon-2024» марафонына қатысып, жеңімпаз атанған серіктестік қызметкерлерін арнайы құттықтады.

Аталған жарыстарда теміржолшылар, соның ішінде осы серіктестік мамандары озық нәтиже көрсеткен болатын. Солардың бірі – осы серіктестікте жүк тасымалы үшін есептеу және халықаралық өзара есептеу департаментінің бас менеджері Динара Шаймерденова марафонда жүгіруден 1-орын алса, мүліктік құқықты қорғау департаментінің бас менеджері Гүлмира Сапарғалиева 2-орын алған болатын.  

Одан бөлек серіктестік қызметкерлері теміржолшылар арасындағы шағын футболдан UFL-24 спартакиадасына да белсенді түрде қатысты. Бұл жарыста серіктестік командасы 1-орын алып, Кубок иегері атанды. Футболда «Үздік қақпашы» атағын ВЧД-8 вагон қараушысы Едіге Маханов алды. Ал «Үздік ойыншы» атағына Магистральдық желі дирекциясының бас менеджері Әлібек Бейсенбаев ие болды. Бұл спартакиадаға ҚТЖ-ның еншілес ұйымдары мен филиалдарынан 7 команда қатысқан еді.  

Солардың бәрінің басын қосып, арнайы құттықтаған серіктестіктің бас директоры оларды грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.  

«Қызметте де, жарыста да тек жетістіктерге жететін әріптестерімізбен мақтанамыз. Спортты серік еткен қызметкерлерімізге алдағы жарыстарда да тек сәттілік пен жеңістер тілеймін!», – деді бас директор.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды