Семейде кәсіподақ ардагерін еске алуға арналған турнир өтті

Спорт
10.06.2024, 12:01
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар бөлімшеде ұзақ жылдар бойы еселі еңбек еткен Құрметті теміржолшы, кәсіподақ ардагері Алик Досановты еске алу іс-шарасын өткізді. Өмірден озғанына бір жыл болған майталман маманның құрметіне шағын футболдан турнир өтті.

Спорттық шараға бөлімшенің Семей мен Өскемен және Аягөз тораптарынан әуесқой теміржолшы-футболшылармен қатар Алик Тұрсынұлының әр жылдары бірге қызмет атқарған әріптестері, қызметтес-шәкірттері, достары мен туыстары, Астана мен Алматы қаласынан қонақтар келді.Турнир Семей іргесіндегі «Теміржолшылар кенті» аталатын ауданда, Алик Досановтың өзі салдырған жасанды футбол алаңында өтті.

Жиналған көпшіліктің алдында Астанадан арнайы келген «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев сөз алып, Алик Тұрсынұлы жайында естеліктер айтып, қызметіне адал берілген, теміржол саласының өркендеуі үшін өмірін сарп еткен жанның жасампаз ісі кейінгі буын үшін үлгі екенін алға тартты.  

Ал «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов өз сөзінде Алик Тұрсынұлының салалық кәсіподаққа сіңірген елеулі үлесі, Семей өңіріндегі теміржолшылар игілігі үшін атқарған игілігі мол шаралары жайында сөз етті. Әсіресе, осы «Теміржолшылар» кенті үшін әкімдік пен депутаттарды тартып, көшелерге тас төсеттіріп, балалардың ойын алаңқайын салдырып, осы жасанды футбол алаңын тұрғызғанын тілге тиек етті. Мұндай игілікті шаралар желі бойындағы көптеген шалғай станцияларда да орын алған болатын. Марқұмның соңында осындай сауапты ісі қалды.

Әрі қарай кезек іріктеліп келген үш командаға беріліп, қызу ойын басталды.  Алдымен Аягөз бен Семей командалары кездесу өткізді. Тартысты ойын нәтижесінде 5-7 есебімен аягөздіктер жеңіске жетті. Жеңімпаз команда осыдан соң өскемендік қарсыластарымен сынға түсіп, тағы да басым түсті. Нәтижесінде бірінші орынды жеңіп алды. Ал ақтық сында Семей мен Өскемен командалары кездесіп, Алтайдың етегінен келген теміржолшылар Абай еліндегі әріптестеріне жол беріп, алаң иелері екінші орынды иеленді.    

Сайыс соңында Алик Тұрсынұлының жүлдесіне арналған өтпелі кубок салтанатты түрде аягөздік командаға тарту етілді. Сонымен қатар барлық үш команда да кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген ақшалай сыйлыққа ие болды.  

Турнирдің соңынан барша теміржолшылар мен алыс-жақыннан келген меймандар марқұмға бағышталып жайылған асқа қатысты.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды