Білекті де жүректі жігіттер

Спорт
13.08.2024, 10:30
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау локомотив пайдалану депосының ауласында биыл ашылған спорт алаңында Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай спорттың бірнеше түрінен жарыс өткізілді.

Аймақ темір жолында еңбек етіп жатқан құрылымдық мекемелер қатысқан сайыс ұлттық спорт түрі – арқан тартудан басталды. Бұл өзі жанкүйерлердің делебесін қоздырып, еріксіз елтіп әкететін талапай тартыс екені даусыз. Көбіне «әуп» деп алдымен күш алып кеткені арқанды өз жағына тартып кетеді. Білекті жігіттер сайысында 3-ші орынды «Қазтеміртранс» АҚ филиалы, 2-ші орынды ЭЧ-4, ал 1-ші орынды ТЧЭ-3 локомотившілер командасы жеңіп алды.  

Кір тасын көтеруден 1-орынды Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының аға электромеханигі Н.Нұрбаев 16 кг кір тасын 100 рет көтеріп алға озса, дартстан – нысанаға шаншудан бөлімшенің АСУ инженері А.Қабиев мергендік танытты. Әйелдер арасында қолкүрестен (армрестлинг) Теңдік станциясының инженері Ә.Сатыбаева, ерлер арасында машинист көмекшісі Г.Қоянбай, ал 80 кг жоғары салмақта ТЧЭ-3 машинист көмекшісі А.Асқарбақыт иеленді. Әртүрлі ұжымнан жанкүйерлер мол жиналған жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы дипломдар және ақшалай сыйлық табыс етілді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды