Арыста футболдан іріктеу турнирі өтті

Спорт
26.08.2024, 11:32
Оқуға 1 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласындағы орталық стадионда теміржолшылардан құралған 5 футбол командасы бас қосып, іріктеу турнирін өткізді.

Қазақстан темір жолының 120 жылдығына «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент магистральдық желісінің кәсіподақ ұйымы өткізген шараға саламатты өмір салтын ұстануды серт еткен 60-қа жуық теміржолшы қатысты.

Салалық мекемелердің атынан шығып, өз ұжымдастарының намысын қорғаған командалық сайыста қарсыластар жеребе арқылы анықталды. Ал теміржолшы-спортшылар ойынды үш айналым бойынша кезектесіп жүргізді. Нәтижесінде, Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-38) жігіттері үздік шығып,  іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды. Ал екінші орын «ТЧЭ-32» – Арыс локомотив пайдалану депосының командасына бұйырды. Арыс станциясының жігіттерінен құралған команда орынға лайық деп танылды.  

Спорттық шараға қатысушылардың барлығына естелік кәдесыйлар беріліп, жеңімпаздар командаларға арнайы грамоталар мен медальдар табыс етілді. Ал үздік атанған командаға кубок табыс етілді.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті