«Қазпрофтранс-2024»: Құрық порты – жеңімпаз атанды

Спорт
17.09.2024, 10:58
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бұған дейін «Қазпрофтранс-2024» теміржол футбол лигасының Кубогы үшін шағын футболдан өңір теміржолшылары арасында іріктеу кезеңі өткен болатын. Жуырда сол сайыстың екінші туры өтіп, оған Батыс Қазақстан өңіріндегі командалар өзара сайысқа түсті.

Турнирге Ақтөбе облысының НОД ЖТ-11, Илецк ВЧДЭ, Ақтау Құрық порты және ТЧЭ-3 Атырау командалары қатысты. Ойыншылар сайысқа тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Жарыс ерекше талас-тартыспен өтті. Төрт команда бір-біріне оңайлықпен беріле қоймады. Ұпай жіберіп алғаны қарымта қайтару үшін шабуылды үдетіп, жаңа ойын тәсілдерін қолдануға көшеді. Жанкүйерлер де қиқулап стадионды бастарына көшірді.  

Қысқасы, батыс аймағының кубогын жеңіп алу үшін ойыншылар барын салды. Ақыр соңында маңғыстаулық Құрық порты командасының басымдығы айқын сезіліп, жүлделі бірінші орынды иемденді. 2-орынды Атырау локомотив депосының командасы, 3-орынды Ақтөбе, ал 4-орынды Илецк ВЧДЭ командасы иеленді. Атырау ЖТ бөлімшесі кәсіподағының спорт секторы Р.Иманғазиевтің айтуынша, енді маңғыстаулықтар командасы Орал қаласында өтетін «Қазпрофтранс-2024» Кубогының ақтық сайысында өнер көрсетеді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды