Күзет қырандары тағы жеңімпаз атанды

Спорт
19.09.2024, 10:52
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей қаласында теміржол мекемелері арасында дәстүрлі түрде өткізілетін «КАЗПРОФТРАНС-2024» теміржол футбол лигасының Кубогі» аймақаралық біріншілігі өтті.  

Қалыптасқан үрдіске сай жарысқа көршілес бөлімшелерден, Алматы, Павлодар, Өскемен қаласынан арнайы келген футбол командалары қатысты. Жеңімпаз команда республикалық сайысқа баратындықтан бұл жарысқа жоғары даярлықтан өткен, іріктелген ойыншылар ғана жиналады.

Турнир беташарында сөз алған «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ Семей аймағы бойынша өкілі Есен Қажығұлов бұқаралық спорттың маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларға жеңіс тіледі. Жыл сайын күзгі мезгілде ұйымдастырылатын осынау байрақты бәсеке салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен өткізіліп келеді.  

Төрт команда бақ сынасқан ойын барысы мейлінше тартысты өрбіді. Әсіресе, павлодарлық команданың қарымы мықты екен. Жасыл алаңда барын салды. Бұл жолғы аймақаралық турнирге Семейден  бөлімше чемпионы атанған ӘТЖК Семей филиалы қатысқан болатын. Осыған дейін негізінен ауыр атлетика түрлерінен топ жарып жүрген жігіттердің жеңісі көпшілікті таңырқатқан еді. Десек те, бәсеке барысында күзет қырандарының жолы болып,тағы бірінші орынды жеңіп алып, айды аспанға шығарды. Екінші орынды Павлодар қаласынан келген Қазақстан вагон шығару компаниясының командасы, үшінші орынды Өскемен-1 станциясының футболшылары иеленді.

Сайысқа қатысқан барлық ойыншылар арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды. Ал аймақаралық турнир жеңімпазы атанған ӘТЖК Семей филиалының командасы енді Орал қаласында өтетін сайыста өнер көрсететін болады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды