Қызылордада үстел теннисінен сайыс өтті

Спорт
24.09.2024, 10:11
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан теміржолының 120 жылдық мерейтойына орай қызылордалық теміржолшылар арасында мәдени-көпшілік шаралар жалғасуда. Өткен аптада болған теннис жарысына аймақтың барлық станцияларынан ойыншылар қатысты.

Сайысты өткізуге бастамашы әрі демеуші болған «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов жетекшілік еткен кәсіподақ өкілдері ойыншыларға сәттілік тіледі. Спорт секторы қатысушыларды Бақытжан Имбергенов ойын тәртібі мен ережелерімен таныстырған соң сайыс басталып кетті. Әлем бойынша кең тараған ойын болғанмен аймақ теміржолшылары арасында енді-енді басымдық ала бастаған үстел теннисінің ракеткасына қол үйреткендер қатары баршылық екен. Шеңберлі жүйемен басталған ойын ережесіне сәйкес барлық қарсыластар бірімен-бірі кезекпен ойын үстелінде кездесіп, жеңіске жеткен теннисші келесі қарсыласымен бақ сынасуға жіберілді.  

– Бүгінгі ойын нәтижесінде Қазалы жол дистанциясынан додаға қатысқан Қайрат Денеевке жетер шебер ойыншы болмағанын көздеріңіз көрді. Жүлделі 1-орынды иеленді. Ал 2-орын алған Қызылорда ЖТ бөлімшесінің инженері Талғат Сыздықов та жаман нәтиже көрсеткен жоқ. 3-орынды Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының электромеханигі Бахыт Иманалиев алды, – деді ойын қорытындысын баяндаған ұйымдастырушы әрі төреші болған спорт секторы Бақытжан Имбергенов.  

Бақ пен бап сайысқа түскен додада ойыншылардың жасына шектеу қойылған жоқ. Жүлдегерлерге кәсіподақ ұйымы атынан кубок, диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды