Шымкентте бильярдтан «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының кубогы өтті

Спорт
07.10.2024, 12:53
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкенттегі «Жасмин» билярд клубында «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының кубогына арналған бильярд турнирінің финалдық ойыны өтті. Аталған ұйым өкілдері ұйымдастырған шараға республиканың барлық өңірінен 32 теміржолшы қатысып, екі күн бойы шарболатты шыр айналдырды.

Бұған дейін әр өңірде іріктеу сайысы өткен болатын. Сондықтан бұл басқосуға кілең «сен тұр, мен атайын» деген сұрмергендер жиналды. Осымен үшінші рет өтіп жатқан бұл жарыстың ерекшелігі сол – сайыс жеңімпазы қай өңірден анықталса, келесі жылы республикалық чемпионат сол өңірде өтеді. Мәселен, былтыр Павлодарда өткен жарыста шымкенттік жігіт жеңімпаз болған соң, биылғы чемпионат осы қалада ұйымдастырылып отыр. Бұл – кәсіподақ ұйымы жетекшілерінің ортақ шешімі.

Екі күнге жалғасқан сайыс тұтастай комбинациялық пирамида ережесі бойынша өтті және оған билярд спортының білікті маманы бейтарап өкіл ретінде Елнұр Ераханұлы төрешілік етті. Ал сериялы ойындар нәтижесінде сәтті өнер көрсетіп, ең көп ұпай жинаған Шымкент станциясының СТЦ-операторы Миранбек Мырзағұлов осымен екінші рет чемпион атанса, екінші орынды алматылық «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС сатып алу бөлімінің бас менеджері Әнуар Облысов иеленді. Ал үшінші орын Түркістан вокзалының бастығы Марат Мырзақұловқа бұйырды. Сондай-ақ ойын барысында Әскерилендірілген темір жол күзеті Түркістан филиалының Шымкент станциясындағы жедел реттеу мобильді тобының жүргізуші-күзетшісі Самат Бекжігітов «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалы әзірлеген «Ең көп серия жасағаны үшін» аталымы бойынша тағайындалған арнайы сыйлыққа ие болды.

Жалпы, турнирдің тағы бір ерекшелігі қатысушылардың жас ерекшелігі еді. Олардың санатында қызылжарлық қос теміржолшының жасы 56-да болса, ең жасы 1996 жылы туған астаналық теміржолшы Нұрдәулет Мақсұт болды.

Сайысқа маңғыстаулық машинист көмекшісі Жалғас Қуандықов айрықша дайындықпен келіпті. Оның киген киімі, жакеті мен галстукты жейдесі және басындағы шәпкесіне қарап, кәнігі кәсіби бильярдшы ма дерсің?!. Сондай-ақ Қарағандыдан келген команданың киім үлгілері де көз сүйсіндірерліктей болды. Семейден келген ШЧ-29 мекемесінің телім бастығы Серік Түкешовтің тастаяқтың арнайы таяғын алып келгеніне қарап, бильярд теміржолшылар үшін сүйікті спорт түрі екенін байқауға болатындай.  

Турнирді ұйымдастырушылардың бірі «Жүк тасымалы» ЖШС Қарағанды бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалы Қазыбекұлының айтуынша, билярд - интеллектуалдық әлеуетіңді арттырумен қатар, физика-психологиялық күйіңді дамытатын, шеберлігіңді шыңдайтын бекзада өнер. Сондықтан ел теміржолшыларын осы өнерге бейімдеп, осындай турнир өткізуді дәстүрге айналдырған Сала кәсіподағына алғыс айтып, финалдық ойынды сәтті ұйымдастырған Нағима Әуесханқызы бастаған Шымкенттегі филиалы ұжымының ерен еңбегін айрықша атап өткен жөн.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды