Локомотившілер жеңімпаз атанды

Спорт
31.10.2024, 10:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік спортсүйер теміржолшылар тартысты додаларға толы қазан айын үстел теннисі сайысымен қорытыдылады. Спорттың осы түрінен Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жекелей және командалық біріншілік ұйымдастырылды.  

Үстел теннисі жергілікті сала қызметкерлері арасында танымалдылыққа ие. Бұл ойын түрінен теміржолшылар қауымы қалалық спартакиаданың да сан мәрте жеңімпазы атанған болатын. Бұл жолғы турнирге әр тобы үш ер және бір әйел адамнан тұратын командалар қатысып, ерлер 18-35 жас, 36-49 жас және 50 жастан асқан ардагерлер болып өзара үш топқа бөлінді.  

Жарыс басталар алдында «Қазкөліккәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөз алып, салауатты өмір салтын ұстанудағы спорттық шаралардың маңыздылығына тоқталып өтті. Осыдан соң Әнұран шырқалып, жарыс көрігі қызып сала берді.  

Сайысқа үстел теннисінен сан мәрте топ жарып, ұлттық компания қызметкерлері арасында да жеңімпаз атанып жүрген әуесқой спортшылар қатысты. Солардың бірі ШЧ-29 ойыншысы Рустам Мұхаметжанов өз жас шамасы бойынша жүзден жүйрік атанды. Сол тәрізді ТЧЭ-24 мекемесінен Асхат Елубаев пен НЖС-6 спортшысы Қайрат Қарақанов та чемпион атағын жеңіп алды.

Ал әйелдер арасында бірінші орынды Семей станциясының әуесқой ойыншысы Салтанат Закарьянова, екінші орынды ШЧ-29 қызметкері Гүлнар Ибраева, жүлделі үшінші орынды Семей жол дистанциясынан Анара Нығметжанова иеленді.  

Сонымен қатар командалық ойын нәтижесі де сарапқа түскен болатын. Жалпы командалық есепте бірінші орынға ТЧЭ-24 теннисшілері тұрақтаса, екінші орынды НЖС-6 командасы алды. Үшінші орын ШЧ-29 теннисшілеріне бұйырды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегер командалар арнайы дипломдармен, грамоталармен және кәсіподақ ұйымы тарапынан әзірленген бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды