Жеті бірдей команда жүлдеге таласты

Спорт
23.12.2024, 10:56
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Қазкөліккәсіп» филиалының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай қызылордалық теміржолшылар арасында өткен волейбол жарысында жеті бірдей команда жүлдеге таласты. Олар бір-бірімен талай додада бақ сынасқан сыралғы командалар да болды. Командалар «Қазкөліккәсіп» тағайындаған жүлдені иемдену үшін бір-бірінен шеберліктері мен айласын асыруға тырысып барын салды. Осыған дейін үнемі жүлделі орын иеленіп жүрген Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің «НЖС-10» құрамасы бұл жолы да  қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаз командаға сәл ғана есе жіберген Қызылорда ЖТ бөлімшесінің «НОДГП-10» құрамасы жүлделі 2-орынды иеленсе, Қызылорда жол дистанциясының «ПЧ-57» құрамасы 3-орынға жайғасты.  

– Бұған дейін аймақ теміржолшыларының қатысуымен бұқаралық спорттың әр түрінен аймақтық, бөлімшелік, тораптық дейгейдегі біріншілік, турнирлік жарыстар өткізіліп келді. Бұл ағымдағы жылға есептелген спорттық-мәдени шаралардың жылжабар жарысы болып саналады. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырған додада командалар өте белсенді ойын үлгісін көрсетіп, бәрімізді таң қалдырды, – деді спорт секторы Бақытжан Имбергенов.

«Үздік ойыншы» номинациясын Марат Орынбасарұлы, «үздік шабуылдаушы» номинациясын Шыңғыс Батырхан иеленді. Жеңімпаз командалар «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалы мен мекемелердің кәсіподақ ұйымдары тарапынан әзірленген кубок, дипломды және қаржылай марапатты қанжығаларына байлады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды