Қарағайлы ормандағы шаңғы жарысы

Спорт
17.01.2025, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары үшін қысқы спорттық ойындар түрлері ашық деп жариялануда. Жергілікті «Локомотив» спорт клубы мен салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен жоспарлы іс-шаралар қатары ресми түрде басталып кетті.

Шығыстың табиғаты қысқы спорт түрлерін дамыту үшін тамаша мүмкіндіктер береді. Бұл ретте семейлік теміржолшылардың сүйікті спорттық ойындары – шаһар іргесіндегі қарағайлы орман ішіндегі шаңғы жарысы мен шаңғы эстафетасы.  

Осы жылдың алғашқы спорттық ойындарын іргелі ұжым – Семей станциясы бастады. Кәсіподақ төрайымы Шәрбат Мейірманова бастаған 50-ден аса теміржолшы Ертіс өзенімен қылқан жапырақты орманның түйісер тұсындағы «Боровлянка» демалыс базасында қысқы спорт түрлерінен сайыстар өткізіп, «Көңілді старт», тюбингпен сырғанау сынды ойындармен демалыс күндерін қызықты өткізді. Әуесқой қыз-жігіттер бөлімшенің спорт нұсқаушысы Наталья Мешкованың жетекшілігімен мүлгіген қысқы орман ішімен шаңғы жолына шығып, өзара үздіктерді анықтады. Бұл ретте Салтанат Закариянова сынды шебер шаңғышылар ақпан айында өтетін бөлімше біріншілігіне жолдама алды.  

Бұл тек бір ғана мысал, алда Семей жол дистанциясы, Семей локомотив пайдалану депосы сынды мекемелердің жекелей іс-шаралары жоспарда тұр.  

Осы орайда ВЧД-23 спортшысы Мұрагер Қасымханов, ШЧ-29 мекемесінен Еркебұлан Тұрғамбаев, ТЧЭ-24 депосынан Арнұр Қожабеков, Жаңа-Семей жол дистанциясынан Темірлан Шыңғысов, Аягөз станциясынан Лаура Арғынбаева, НЖС-6 қызметкері Данияр Малдыбаев сынды бөлімшедегі желаяқ шаңғышылар өзге әріптестеріне шеберлік сабақтарын да өткізуде.  

Айта кетерлігі, семейлік спортшылар республикалық бәсекелерде де биіктерден көрініп жүр. Мәселен, өткен жылдың соңында Бурабайда өткен ұлттық компания біріншілігінде Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі екінші орынды айқын басымдықпен жеңіп алған болатын.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды