Астаналық теміржолшылар арасында шағын футболдан турнир өтті

Спорт
23.01.2025, 10:15
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада шағын футболдан «KAZLOGISTICS CUP» 2025 турнирі өтті. Еліміздің жетекші көлік және логистикалық компаниялары жеңімпаз кубогына таласқан жарысты Қазақстан көлікшілер кәсіподағы ұйымдастырды.  

Спорттық бәсекеге 300-ден астам қатысушы мен түрлі өңірлерден 24 мықты команда жиналды, олар табандылық, командалық жұмыс және жеңіске деген ұмтылысты паш еткен тамаша ойын көрсетті.  KAZLOGISTICS кубогы спорттық ортада сала қызметкерлерін біріктіретін бірегей алаң ретінде танылды. Бұл турнир жай ойын емес, көлік-логистикалық бизнестің жетекші өкілдері арасындағы бірліктің, корпоративтік мәдениеттің және салауатты бәсекелестіктің символы. Биылғы турнир Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналды.  

Турнир нәтижесінде 1-орынды TRANCO JEZZ командасы, 2-орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС командасы, 3-орынды Құрық порты тобы иеленді. Ұйымдастырушылар шағын футбол турнирінің барлық қатысушыларына шын жүректен алғыс айтып, әр команда шеберліктің жоғары деңгейін және ойынға деген шынайы құмарлықты көрсеткені үшін ризашылық білдірді. Сонымен қатар ойынға демеушілік еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Нұржол» компаниясы, «Транко» АҚ демеушілеріне де рахметін айтты.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті