Волейболдан іріктеу турнирі өтті

Спорт
21.04.2025, 15:17
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мамыр айында волейболдан «ҚТЖ» ҰК» АҚ чемпионаты өтеді. Соған орай сала кәсіподағы Атырау өкілдігінің және спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен «Қазпрофтранс-2025» іріктеу турнирі өтті.  

Спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиевтің айтуынша, оған аймақтарда алдын ала қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп, іріктеу турниріне 9 команда қатысты. Олар: Атырау және Мақат локомотив пайдалану деполары, Мақат, Ганюшкино станциялары, Атырау, Ақжайық және Құлсары байланыс дистанциялары, вагон пайдалану депосы, электрмен қамту дистанциясы командалары. Әрине, командалар саны көп болған сайын ойын да тартысты өтеді, босаңсуға мүмкіндік болмайды. Өзіңе қарсылас сегіз команданы жеңіп шығу керек. Сондықтан да командалар барын салды. 

Допты қақпақылдап қолдан қолға өткізіп, қарсылас команда алаңына ұрып, қапы кетпеуге тырысты. Бір жеңіп, бірі жеңіліп, ақырында жеңімпаздар да іріктелді. Бірінші орынды Атырау локомотив пайдалану депосының командасы жеңіп алды. Электрмен қамту дистанциясы 2-ші орынды иеленсе, Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы 3-ші орынды місе тұтты. Жеңімпаз командалар кубокпен, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Енді локомотившілер командасы чемпионатта аймақ намысын қорғайтын болады. Турнирдің өтуіне кәсіподақ ұйымы демеушілік көрсетті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды