Қызылордада теннис турнирі өтті

Спорт
28.04.2025, 16:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қаласында теміржол саласының қызметкерлері арасында үстел теннисінен өткен спорттық жарыс  «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының және салалық мекемелердің кәсіподақ ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылды.  

Турнирдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген кәсіподақ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов пен спорт секторының үйлестірушісі Бақытжан Имбергенов қатысушыларға жарыс ережелерін түсіндіріп, сәттілік тіледі. Олар бұл шараның теміржолшылар арасында бірлік пен ынтымақты арттыруға, денсаулықты нығайтуға қосар үлесі зор екенін атап өтті.

– Жылдық жоспар аясында өткен бұл турнирге 5 мекемеден 10 ойыншы қатысып, «пинг-понг» үстелінің айналасында өз шеберліктерін ортаға салды. Әр ойыншы өз қарсыласымен әр раунд сайын тартысты матч өткізіп, шеберлік пен төзімділіктің, жылдам рефлекс пен дәлдіктің жоғары үлгісін көрсетті. Турнир швейцарлық жүйе негізінде өткізіліп, ойыншылар әр кезеңде әртүрлі қарсыласпен кездесіп, өз мүмкіндіктерін жан-жақты көрсетті. Ойын барысында қатысушылар жылдам реакция, дәлдік және тактикалық ойлау қабілеттерін байқатты. Матчтар барысында «форхенд», «смэш» және «спин» сынды үстел теннисі элементтерін қолданып, әрбір ойыншы сәтті өнер көрсетті. Турнирдің қорытындысы бойынша, Қызылорда ЖТ бөлімшесінің инженері Талғат Сыздықов үздік ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске жетті. Оның бұл жетістігі көп жылғы еңбегінің, спортқа деген сүйіспеншілігінің және тұрақты жаттығуларының нәтижесі екені сөзсіз, – дейді Бақытжан Имбергенов.

Көпшілік қызыға тамашалаған финалдық кезеңде теннис добының үстел үстімен сызықшадай ұшқындап, қарсы шабуылдар мен ұрымтал сәттер алма-кезек орын алып отырды. Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды жоғарыда аталған Талғат Сыздықов иеленсе,  2-орын Қызылорда станциясының ойыншысы Әмірбек Матжановқа бұйырды, ол әр матчта қарсыластарын қарымды спиндер мен күтпеген смэштермен таңғалдырды. 3-орынды Белкөл станциясының теміржолшысы Айшиков Айбек жеңіп алып, мықтылар үштігін түйіндеді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы марапаттар табысталып, қатысушылар естелік суретке түсті.  

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды