Кәсіподақтың 120 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті

Спорт
22.05.2025, 11:11
Оқуға 1 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кәсіподақтың 120 жылдығына орай Жамбыл жол бөлімшесі Шу және Тараз станцияларында шағын футболдан тораптық жарыстар өткізді.

Соңғы жылдарда шағын футбол бұқаралық сипат ала бастады. Бәсі биік бәсеке әр сала қызметкерлері арасында жиі ұйымдастырылатындықтан, еңбек ұжымдары арнайы команда жасақтап, дайындық жүргізіп тұратын болған. Оқу-жаттығу жиындары ретінде жолдастық кездесу өткізетіндері де бар.

Жамбыл жол бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының спорт нұсқаушысы Евгений Тянның айтуынша, Шу станциясы, Шу электрмен жабдықтау дистанциясы мен Шу локомотив пайдалану депосы жақсы команда жасақтаған, дайындықтары жоғары. Ал облыс орталығындағы Тараз станциясы мен Жамбыл локомотив пайдалану депосының құрамасы турнирлерде қарсыластарға дес бермей келеді.  

Әйтсе де, жарыстың аты жарыс. Кейде кей командаға жеребе жолдас болып кететіні бар. Шу станциясында өткен бәсекеде қос мықты құрама Шу электрмен жабдықтау дистанциясы мен Шу локомотив пайдалану депосы теміржолшыларының арасындағы финалдық ойын тартысты өтіп, электриктердің жолы болды. 2-орынды машинистер олжалады. Ал ПЧ-47 Шоқпар жол дистанциясының командасы мықтыларға қарсы лайықты ойын өрнегін көрсетіп, үздік үштікті түйіндеді.

Тараз станциясындағы жарыста Жамбыл локомотив пайдалану депосының футболшылары жеңісті ешкімге бермеді. «ЖРС» ЖШС-нің еншісіне 2-орын тисе, Тараз станциясының құрамасы 3-орынды еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды