Күзет қырандары – спартакиада чемпионы

Спорт
26.11.2025, 13:22
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қарашаның 15-23  аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппараты, филиалдары және еншілес ұйымдары қызметкерлері арасында спорттың төрт түрінен өткен спартакиада мәреге жетіп, жарыс жеңімпаздары марапатталды.  

Биыл спартакиада волейбол, баскетбол, үстел теннисі және футзалдан өтіп, жалпы 717 адам қатысты. Атап өтерлік жайт, жылдан жылға спортқа қызығушылық білдірген теміржолшылар саны артып келеді. Мәселен, былтыр спартакиадаға 524 адам қатысса, биыл бұл көрсеткіш 193 адамға артып отыр.  

Жарыс жеңімпаздарын құттықтауға келген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат жетекшісі Ерлан Амандықов, салауатты өмір салтын ұстану денсаулықтың, нәтижелі еңбек пен тәртіптің кепілі болатынын атап өтті.  

– Компания әрдайым осындай шараларды және оған белсенді қатысқан қызметкерлерді қолдап, көтермелеуге дайын. Бүгінгі жеңістеріңіз сіздерге шабыт, жаңа табыстар әкелсін, – деп ізгі тілегін білдірді Ерлан Мұратұлы.  

Сонымен бір аптаға созылған спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС еншілесе, екінші орын мінберінен Магистральдық желі дирекциясының командасы табылды. Ал бірінші орынды «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС командасы иеленіп, спартакиада жеңімпазы деп танылды. Жеңіс тұғырынан табылған командаларға кубоктар табыс етілді. Сонымен қатар денсаулығы сыр бергеніне қарамастан, спартакиадаға белсенді қатысқан теміржолшы Меңдібек Сұлтанұлы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.  

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды