Жамбыл филиалында футболдан тораптық жарыс өтті

Спорт
23.04.2026, 11:48
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес Шу және Тараз станцияларында шағын футболдан тораптық турнир ұйымдастырылды.

Шу станциясындағы доп додасына Шоқпар және Шудағы құрылымдық бөлімшелерден 9 команда қатысты. Командалар өзара бақ сынасып, финалистер айналмалы жүйе бойынша іріктелді.

Тораптық жарыс қорытындысында Шу машиналандырылған жол дистанциясы, ТЧЭ-30 Шу локомотив пайдалану депосы, ШЧ-35 Шу белгі беру және байланыс дистанциясының құрамасы жүлделі орындарды иеленді.

 – Тораптық турнирлерге командалардан өтінім алдын ала қабылданды. Жарыс әділ өтуі үшін теміржолшылардан басқа ойыншының болмауына баса мән бердік. Себебі шағын футбол және волейбол жарыстарында алаңға бір кәсіпқой спортшы шықса, ойын әділ шешілмейді. Басқа командаға кедергісін келтіреді, – дейді «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт нұсқаушысы Амангелді Байходжаев.

Тараз станциясындағы шағын футбол жарысы да айналмалы жүйеде өтіп, мұнда он команда бақ сынады. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт нұсқаушысы Евгений Тян финалдық ойын тартысқа толы болғанын айтады.

– Финалда ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосы мен ЭЧ – 21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының құрамалары кездесті. Олар турнирлерде жартылай финалға дейін жетіп жүрген, бір-бірінің ойын өрнегін жақсы білетін командалар. Сондықтан ақтық ойында қарсыластар қорғанысқа көбірек көңіл бөліп, қарымта шабуылдарға иек артып отырды. Сәттілік локомотившілер жағында болды. Күміс жүлде – энергетиктерде! Үздік үштікті ПЧ-51 құрамасы еншіледі, – дейді Евгений Тян.

Қос тораптық турнирдің жеңімпаздарына кәсіподақ ұйымы атынан арнайы кубоктар тапсырылып, ойыншылар медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады