Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода

Спорт
11.06.2026, 10:11
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Мамыр айының соңғы аптасында аймақтың солтүстігіндегі тораптық станцияларда «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасы кубогының іріктеу жарысы өтті. Сексеуіл – Қазалы станцияларындағы салалық мекемелер арасында шағын футболдан дәстүрлі түрде өткізілетін спорттық сайыс аймақ теміржолшылары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға серпін берді.  

Сексеуіл торабында өткен тартысты додада ПЧ-59, ТЧЭ-36, ВЖДО және ВЧДЭ-6 командалары бақ сынады. Іріктеу ойынының нәтижесінде вагоншылар командасы 3-орынға табан тіреді. Жүлделі 2-орынды Сексеуіл локомотив пайдалану депосының ойыншылары иеленсе, Сексеуіл жол дистанциясының жігіттері 1-орынды қанжығаға байлап, турнирдің келесі айналымына өтті.    

Ал Қазалы торабындағы салалық мекемелер арасында өткен сайысқа   ШЧ-40, ПЧ-60, ЭЧ-26, НОРПОЖ және ТД-23 командалары қатысып,  өзара мықтыны анықтады. Ойын қорытындысы бойынша қазазылық жолшылар 3-орында иеленіп, екінші орынға Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының командасы көтерілді. Ал Қазалы айналым депосының машинистер құрамасы жеңіске жетіп, келесі кезеңге бас тіреді.

Турнир соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай сыйақылар, кубоктар, медальдар және дипломдар табысталды. Іріктеу турнирі тек спорттық сайыс қана емес, сонымен қатар теміржол саласы қызметкерлерінің салауатты өмір салтын ұстанып, бұқаралық спортты дамытуға деген ынтасының айқын көрінісі болды. Бұл марапаттар олардың спортқа деген сүйіспеншілігі мен қажырлы еңбегінің лайықты бағасы болды.

 

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды