Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады

Спорт
16.06.2026, 08:56
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстандық салалық теміржол көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы төрағасының кубогы үшін бильярдтан Маңғыстау аймағы бойынша турнир ұйымдастырылды.

Талас пен тартысқа толы өткен турнирге түбек теміржолынан тоғыз мекеме қатысты. Кәсіподақ төрағасының кубогынан үміткер 18 адамның ішінен төртеуі жеңімпаз атанып, арнайы марапаттарға ие болды.  

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын Маңғыстау жол дистанциясының еңбек қорғау инженері Нұркен Рабаевқа бұйырды. Екінші орынды Маңғыстау локомотив депосынан көмекші машинист Жалғас Қуандықов алса, үшінші орынды Маңғыстау вагон депосында қауіпсіздік және еңбек қорғау, экология секторының басшысы Бердібек Чаркатбаев пен Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясынан бас инженері Нұрболат Беримбаев өзара бөлісті.  

Жеңімпаздарға диплом, медаль және бірінші орынның жүлдесі табысталды. Іріктеу турнирінен өткендер енді алдағы уақытта Қарағанды облысында өтетін республикалық жарыста бақ сынайды.  

 

Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді