Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды

Спорт
23.06.2026, 09:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбылдық теміржолшылар арасында бильярдтан жарыс ұйымдастырылды. Кәсіподақ кубогін сарапқа салған турнир Тараз станциясында өтті.  «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт нұсқаушылары бильярд ойыны – тиімді демалыстың бір түрі екенін айтады. Дегенмен, ең бірінші кезекте интеллектуалдардың бәсекесі. Қатысушылардың бірі қарсыласынан тактикасы жағынан басым түссе, тағы бірінің техникасы мықты. Мұндайда кездейсоқ сәттілік ойын тағдырын шешіп кетуі ғажап емес.  

Қалай десек те, бильярдта – ойыншының төзімі мен дәлдігі, стратегиялық ойлау жүйесі сынға түседі. Есебі жақсы болмаса, соққан шарды қарсыласының «кезегінде» оңай ұпай ретінде жазып беруі де мүмкін.  

Айналмалы жүйе бойынша өткен жарыста Шу станциясының машинист-нұсқаушысы Дінмұхаммед Байназаров кәсіподақ кубогін жеңіп алды. Екінші орынды ЭЧ – 21 Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электрмеханигі Темірхан Оралұлы олжалады. Үздік үштікті Тараз станциясының намысын қорғаған Нұрболат Сейілбек түйіндеді.  

Жарыстың марапаттау кезеңінде жеңімпазға – кәсіподақ кубогі, жүлдегерлерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырылды.  

 

Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді