Түлкібастағы тораптық жарыс

Спорт
29.06.2026, 20:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорттық-бұқаралық іс-шаралары күнтізбелік жоспарына сәйкес, ПЧ – 52 Түлкібас жол дистанциясында әйелдер және ерлер арасында дартс пен дойбыдан тораптық жарыс өтті.

– Қоғамдық-бұқаралық сипатқа ие дартс ату – боулинг секілді ресми спорт түрі. Көп отбасы бос уақытты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін осы ойын түрлерін таңдағанымен, ресми жарыстарда арнайы ереже, талаптарға сай өтеді. Біз дартс спортын турнирлер тізіміне қосқалы бері әйелдер арасында бәсеке күшейді, – дейді «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт бойынша нұсқаушы-ұйымдастырушысы Евгений Тян.  

Дартс атудан жеңімпаз атанған ПЧ – 52 жетекші инженер-экономисі Лаура Қазмағанбетова дартс тек хобби емес, дәлдік пен зейінділікті қажет ететін, шыдамдылықты шыңдайтын спорт түрі екенін айтады. Үздіктер қатарынан сондай-ақ, жетекші инженер Аяужан Өтегенова мен инженер-метролог Татьяна Гаенко да көрінді.  

Ал дойбы бәсекесінде жол монтері Мұрат Кәрімов 1-орынды жеңіп алды. Жетекші инженер-эколог Азамат Бердіқұлов 2-орыннан көрінді. Техник Дәулет Қуатбай үздік үштікті түйіндеді. Аймақтық спорт нұсқаушыларының айтуынша, қазір тораптық жарыстарда бәсеке күшейіп келе жатыр. Шағын футболдан Сарышаған станциясында өткен жарыс та тартысқа толы болыпты. Турнирге қатысқан 5 команданың ішінде ВЧДЭ – 27 Жамбыл вагон пайдалану депосының құрамасы жеңіс тұғырынан көрініп, ПЧ – 48 Сарышаған жол дистанциясының футболшылары 2 орынды еншілесе, 3- орынды ТД – 19 командасы жеңіп алған.  

Жарыс жүлдегерлері кубоктармен, грамоталармен, медальдармен марапатталып, кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табысталды.  

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді