Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері

Спорт
04.08.2026, 09:22
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшылар күніне орай Арыс қаласында Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің ауыспалы кубогы үшін шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.

«Қазтеміржолкәсіп» ұйымымен бірлесіп өткізілген жарысқа бөлімшенің барлық мекемелерінен жасақталған 16 команда қатысты.  

– Теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ұжымдар арасындағы бірлік пен достықты нығайту мақсатында өткізіліп отырған турнирге командалардың тыңғылықты дайындалып келгенін байқадық. Тартысқа толы әрі әсерлі ойын өрнегін көрсетті, – деді Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Жомарт Мырзабеков.  

Әрине, жарыстың аты жарыс. Бірінің бабы келмесе, біріне сәттілік жетіспеді. Осылайша, бағы жанып, бабы келіскен үш команда қарсыластарын ойсырата жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Бірінші орынды Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының, екінші орынды Арыс локомотив пайдалану депосының командасы, ал үшінші орынды Сарыағаш станциясының командасы иеленді.  

Бұдан бөлек, турнирде үздік ойын көрсеткен ойыншылар анықталып, үздік қақпашы ретінде – Төлемісов Дүйсен (ПЧ-53), үздік шабуылшы – Әшім Бақдәулет (ДС Сарыағаш), үздік ойыншы деп Садықбеков Мақсат (ТЧ-32) танылды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ауыспалы кубок, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табысталды.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты