Дойбышылар додасы

Спорт
07.08.2026, 08:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз станциясында Жамбыл ЖТ және Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелер арасында дойбы, үстел теннисінен тораптық жарыстар өтті.

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалы ұйымдастырған бәсеке тартысқа толы болды. Әсіресе шаршы тақта алдындағы дойбышылар додасында есебі мықтылар ешкімге есе жібермеуге тырысып бақты. Бұл ойында қарсыласының тактикасын болжап білмеген әп-сәтте «жүрісінен» жаңылып қалуы мүмкін.  

Жол бойында апат бола қалған жағдайда санаулы минутта асай-мүсейін жинап жетіп баратын, темір жолдың «жедел жәрдемі» атанған ВП-35 Жамбыл қалпына келтіру пойызының бастығы Махат Байдалиев есепке жүйрік, тактикасы мықты екенін шаршы тақтадағы жарыста да дәлелдеп берді. Дойбышылар додасында қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жетті.  

Екінші орынды Тараз көліктегі оқу орталығының курсанты Шыңғыс Қосдәулет еншіледі. Үздік үштікті Тараз өрт сөндіру пойызының өрт сөндірушісі Мейіржан Аярбеков түйіндеді.  

«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының спорт бойынша нұсқаушы-ұйымдастырушысы Евгений Тян әуесқойлар мен кәсіпқой спортшылардың жарысының ережесі екі түрлі екенін түсіндірді. Ал екеуіне ортақ талап – ойынның тақ сан 11 ұпайға дейін жалғасатындығы екен.  

– Тораптық жарыстарда оқу орталығы командасының қоржынына екі жүлде түсті. Дойбы ойынында курсантымыз финалға дейін жетіп, екінші орынды олжаласа, үстел теннисінен Қайрат Қоймағанбетов жеңімпаз атанды, – дейді Тараз көліктегі оқу орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлжан Ақназарова.  

Үстел теннисі бәсекесінде екінші орынды ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинисі Азамат Ысқақов иеленді. Ал ШЧ-36 Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының шебері Асқар Ұлақұловтың еншісіне тигені – үшінші орынның жүлдесі. Жарыс жүлдегерлеріне кәсіподақ филиалы атынан грамоталар, медальдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.  

Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді