Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші
Кеше ғана алпыс жылдығын атап өткен Маңғыстау жол дистанциясының алғашқы басшысы, Құрметті теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай шағын футболдан турнир өтті.
Теміржолшылар арасында ұйымдастырылған бұл спорттық сайысқа демеушілік еткен Қошқарбаевтың ұрпақтары жеңімпаздарға медальдар мен арнайы кубоктар, үздік ойыншыларға түрлі аталымдағы статуэткалар жасатқан. Бірінші, екінші, үшінші орынға 100, 70, 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық бөлген.
Еске алу турниріне түбек теміржолының түрлі мекемесінен он команда қатысты. Бірінші орынды С.Қошқарбаевтың өзі іргетасын қалаған мекеме – Маңғыстау жол дистанциясының жігіттері алса, екінші және үшінші орындар Маңғыстау локомотив депосы мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің командаларына бұйырды. Жарысқа қатысушылар арасынан Қанат Үкібаев «Үздік техник», Нұржау Озғанбаев «Үздік қорғаушы», Рахат Нұрмағанбетов «Үздік қақпашы», Нұрбек Базаржанов «Үздік шабуылшы», Нұрберді Демесінұлы «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды.