Таразда теміржолшылар арасында спартакиада өтті

Спорт
02.09.2019, 11:32
Оқуға 2 мин
Асел Танатарова

Тараз қаласындағы Теміржолшылар паркінде Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен бұқаралық спортты дамытуға арналған спартакиада өтті. Спорттың 6 түрін қамтыған жарыс тартысты да қызықты өтуімен есте қалды.

Жарыс болған соң, біреу жеңіп, біреу жеңіледі. Бұл жолы да жарысқа қатысушылар жеңіс тұғырынан көрінуі үшін барын салды. Мәселен, дойбы ойынында ТЧЭ-31 кадр бөлімінің басшысы Сакен Имашев зеректігімен ерекшеленіп, бірінші орынды иеленсе, ШЧ-36 метрологы Данияр Қадырбек пен осы ұжымның электромеханигі Юрий Дзюба екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Армрестлинг сайысында да ШЧ36 қызметкері Алмаз Есіркепов үздік шықса, ВЧДЭ-27 слесарі Нұрхан Тұрдалиев екінші орынды, вагон тексеруші Азамат Қолдасов үшінші орынды місе тұтты.

Зияткерлік ойын саналатын шахматта электромеханик Юрий Дзюбаның бағы жанды. Вагон қараушы Андрей Швалев пен Әліби Оспан алғашқы үштікке қосылды. Ұлттық ойынға жақын кір тасын көтеруде де Андрей Швалев ешкімге дес бермеді. Нұрхан Тұрдалиев пен Данияр Қадырбек бұл сайыста да екінші, үшінші орындарға қанағаттанды.

Дартс ойыны да өте тартысты өтті. Мұнда Асанәлі Оспан бірінші орынды иеленсе, Арсен Қалмахан екінші орынды, Салауат Асқар үшінші орынды алды. Ал арқан тартыста ТЧЭ31 ұжымынан жасақталған команда ешкімге есе жіберген жоқ. Содан соң ШЧ-36 командасы екінші тұғырға, ВЧДЭ-27 командасы үшінші тұғырға табан тіреді. «Жалпыхалықтық дене шынықтыруды, спортты ілгерілетуге бағытталған шаралар теміржолшылар арасында жиі өтетіні – құптарлық жайт. «Дені саудың - жаны сау» деген рас сөз. Бүгінгі спартакиада да біз үшін нағыз спорт мерекесі болды», – деп әсерімен бөлісті үздік ойыншылардың бірі Нұрхан Тұрдалиев.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды