Апатты жағдайдағы бекет жаңарды

Станция тынысы
24.07.2023, 14:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы Кеңдала бекетіндегі ескі ғимаратты орталықтандырылған модульдік ғимаратқа ауыстырды. Бүкіл жұмыстарды атқарып шығу үшін 36 сағаттық толаскез алынған.    

Кеңдала бекетіндегі ғимараттың іргетасы 1980 жылы қаланған. Күтіп ұстаудың нәтижесінде ескі қондырғылардың өзі 40 жылдан аса уақыт тоқтаусыз жұмыс істеді. Дистанциядағы құрылғыларды кешенді түрде жаңарту жұмыстарының нәтижесінде ғимараттағы  аппараттар модульдік жүйеге ауыстырылды. Бұл биыл атқарылған ауқымды жұмыстың бірі. Дистанция қызметкерлері толаскез кезінде де пойыздар қозғалысын тоқтатпай, барлық қондырғыны көшіріп, тексеріп үлгерген.  

Барлық жұмыс  бір ай 20 күннің ішінде, жоспарға сай жасалып бітті. 45 күн бұрын дайындығымыз хабарланды. Соған орай жұмыс уақыты кестеге салынып,  жоспар бойынша аяқталып, бірде-бір жылжымалы  құрамның кешігуі орын алған жоқ,– деді Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының басшысы Айдар Еңсепов.  

Модульдік жарықтандыру дистанция жұмысына  үлкен тиімділік әкелмек.  Оның үстіне 20 жылдық кепілдігі бар. Қазір жарық беру сапасы жақсарған.  Бұрын жанып кеткен шамдарды алмастыру, көрінісін тексеру жұмыстары жоспармен атқарылса, автоматтандырылған жүйемен ол жұмыстар қажет болмай қалды. Адамның қатысуымен болатын жұмысты жеңілдетумен қоса, пойыздар қауіпсіздігін сақтауға ықпалы өте жоғары.

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы басшысының айтуынша, бекеттегі жүйені толық жаңарту жұмыстары мамыр айынан басталған. Аралықтағы жұмыстар жүйеленіп, екі айға жуық уақыттың ішінде бекет жұмысы заманауи аппараттармен толықтырылып, орталықтандырылған жүйемен жаңарыпты.  36 сағаттық толаскез кезінде қондырғылар толық көшіріліп қана қоймай, ақаусыз жұмыс жасау жағдайы да тексерілген. Қауіпсіздік қалыпты жағдайда екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана іске қосылған.  

Су жаңа модульдік орталықтандырылған ғимаратқа ауысқан Кеңдала бекеті енді радиобайланыс, телефон байланысы, белгі беру мен бағдаршамдардың орталықтандырылған қондырғылармен жабдықталған. Жаңа ғимарат кең әрі жарық. Кезекші отыратын бөлме, байланыс қондырғылары орналасқан  бөлме және орталықтандыру жұмыстары ұйымдастырылған үлкен аудитория бар. Байланыс желілерінің барлығы жертөле арқылы өткізілген. Ыстықта желдеткіш жұмыс істеп тұр. Қыста ғимарат электр қуатымен жылытылады. Қондырғылардың жәшіктерін қымтау жұмыстары да тиянақты аяқталған. Қыста қар, жазда шаң кірмейді. Ғимарат айналасы  жиналып, көгалдандырылып, көне ағаштар кесіліп, тал дарақ егіліп, эстетикалық түрге келтірілген.    

Бүгінде Кеңдала бекетінде дистанцияның үш қызметкері жұмыс істеуде.   Олардың міндетіне қондырғылардың қызметін қадағалаудан бөлек, станция кезекшілігін  де қоса  атқарады.  Ол үшін арнайы қосымша білім алып, емтихан тапсырып, кезекшілік құжат алған. Осылайша дистанция қызметкерлері байланыс желісін бақылаумен қатар станция кезекшілерінің жұмысын да игерген.  Кезекшілікті қоса атқару қызметі тек Кеңдала бекетінде ғана емес, Шалқар – Сексеуіл аралығындағы алты станцияда және Жем – Шалқар аралығында үш станцияда ұйымдастырылған.  

Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының басшысының айтуынша, дистанцияда енді ескірген бекеттер жоқ. Қырық жыл қызмет еткен Кеңдала бекетінің ғимаратын жаңарту секілді жұмыстар өткен жылы Жылан бекетінде де жүзеге асырылған. Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясы бүгінде 33 бөлек бекеттерден құралған жалпы ұзындығы 595 шақырымды құрайтын темір жол торабына қызмет көрсетеді. Мекемеде 300-ден аса қызметкер еңбек етеді.   Дені  тәжірибелі электромеханиктер мен электромонтерлер. Дистанция бойынша автоматика, телемеханика және байланыстың жаңа жүйелерін енгізуде соңғы жылдары жұмыс қарқынды жүріп жатыр.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады