Қызылордалықтар экологиялық акцияларда белсенді

Трансформация
15.02.2022, 18:07
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы бойынша өткен жыл «Экологиялық мәдениет жылы» болып жарияланып, аймақтарда экоакция, экомарафон секілді кешенді шаралар өткізілгені мәлім. Қызылордалық теміржолшылар да бұл шарадан тыс қалмады.

Бөлімшеде жыл бойы «Жина да өткіз», «Қалдық-кіріс», «Табиғатты қорға, батарейка өткіз» ұрансөзімен бірнеше акция ұйымдастырды. Соңғысында барлығы 14 тонна қолданылған батарейка өткізілген. Ал екі жүз теміржолшы атсалысқан «ағаш отырғыз» экологиялық акциясы аясында 229 ағаш көшеті, 120 дана гүл өсіріліп, жасыл табиғатқа өз үлестерін қосты.

– Қоршаған ортаны таза ұстап, мекемелерден шығарылатын қалдықтарды арнайы орындарға жеткізу мақатында «Мұстафа», «Болашақ» жеке кәсіпкерлік мекемелерімен келісімшарт жасалған. Жүк тасымалы бөлімі бойынша негізгі шығынның басым бөлігі локомотив пайдалану деполарынан шығарылады, ал жанар-жағармай, дизель төгіліп, бүлінген жерлерге таза жер төсемі төселеді, – деді бөлімшенің экология және өндірістік қауіпсіздік бөлімі маманы Динара Оразалиева.

Табиғи ортаны қорғау қызметіне қатысты қызылордалық (НОД және НЖС бөлімшелерінде) теміржолшылар өткен жылы тұрмыстық қалдықтарды шығару, қоршаған ортаға өндірістік бақылау мониторингі есебі, шығарындыларды аспаптық сынама және күл-қоқыс шығару секілді жұмыстарға 27 өлшем жасалып бөлінген қаржыны толықтай мақсатты игерген.

Сонымен қатар металл сынықтарына радиациялық бақылау жүргізу және экология мәселелері бойынша мамандарды оқыту шаралары да толық орындалған. Ауаға шығарылатын ластағыш заттардың қалдықтарына құзырлы органдар тарапынан өткен жылы 106,92 тоннаға рұқсат берілсе, ол 12 пайызға азайтылыпты, яғни 43,864 тоннаға кеміген.

Себебі бөлімше бойынша табиғи газдың қолданылу көлемі көбеюіне байланысты пайдаланылған көмірдің, сондай-ақ кептірілген құм көлемінің азаюы да әсер еткен. Қолданыстағы техника, құралдарды пайдалану кезінде ауаға бөлінетін газды азайту мақсатында да кешенді жұмыстар қолға алынған. Жылыту қазандығы, пеш секілді стационарлық нысандардан шығатын қалдық өткен жылмен салыстырғанда нысандардың көгілдір отынға көшірілуіне байланысты 5 пайызға кеміген. Автокөлікке жұмсалған жанар-жағармайдың шығынының азаюына байланысты қозғалыстағы көздерден шығатын қалдық 13 пайызға азайған.

Сонымен қатар, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қағаз, шыны, пластик, т.т. бөліп, бөлек жинастырудың да пайдалы әсері аз емес екен. Пойызға тиелген жүктің белгілі-белгісіз себептердің әсерінен шашылуы, ағуы секілді факті өткен жылы екі рет орын алған. Оның бірінде тиелген жанармайдың шүмектен ағуы болса, екіншісі дәнекерленген жік жарықшағынан тамшылау тіркелгенмен, оның екеуінде де бөлімше теміржолшыла- рының кінәсі жоқтығы анықталған.

– Әрине, экология жылы жарияланған бір ғана жылмен бұл жұмыс бітпеу керек. Қоршаған орта таза болсын десек, қалдықтан да кіріс табу, үнем, көгалдандыру сынды жұмыстар тұрақты жүргізілуі қалыпты жағдайға айналуы қажет, – дейді экология маманы Динара Оразалиева.
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты