Теміржол қызметкерлері арасында тұңғыш рет HR Хакатон ұйымдастырылды (Фото)

Трансформация
15.08.2023, 09:20
Суретті түсірген Олжас Ахметов
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – Теміржол қызметкерлерін дамыту және оқыту орталығында «Ортақ мәселе – ортақ шешім!» деген тақырыппен тұңғыш рет HR Хакатон іс-шарасы ұйымдастырылды. Оны бірінші болып өткізу жауапкершілігін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы ұжымы өз мойнына алды.  

Өңірлік және желілік деңгейдегі HR қызметінің басшылары қатысқан маңызды жиынға  компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева, Магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Рахметов қатысты.  

Жалпы хакатон дегеніміз не деген сауалға жауап бере кетсек, ол нақты бір мәселелер бойынша топ болып ортақ шешім табатын командалық жұмыс деп түсіндіруге болады. Хакатонды өткізудегі негізгі мақсат – өндірістік телімдердегі еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылық деңгейін күшейту үшін HR қызметінің тиімділігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу, бизнес мәселелерінің баламалы шешімдерін команда болып іздеу.  

Бір күндік іс-шараның бағдарламасына сәйкес қатысушыларға алдымен «Компанияның өмірлік циклы, қайта жинау құралдары» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Одан әрі еліміздің барлық өңірлерінен келген қатысушыларға компанияның құрылымдық ұйымдары басшыларының бейнежазбаға түсірілген тапсырмалары бойынша кейстер ұсынылды, яғни оларға арнап хакатон өткізілді.      

  

Сонымен бизнес-кейстер бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов, Магистральдық желі дирекциясының директоры Сәкен Рахметов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының орынбасары Нұржан Келбұғанов, компанияның Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының басшысы Наталья Курьянова, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Марлен Көкірекбаев бейнежазбалар арқылы өздері ұсынатын тапсырмаға қарай кейстерін айтты. Бұл тапсырмаларды қатысушылар арасынан өзара бөлінген 5 команда арнайы берілген уақыт ішінде дайындалып, орындады. Атап айтқанда олар №1 кейс бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметіне қатысты «Билетсіз жол жүру» тақырыбында, №2 кейс Магистральдық желі дирекциясына қатысты «ТБӨО, яғни тасымалды басқарудың өңірлік орталығы қызметкерлері туралы», №3 кейс «Машинист көмекшілерін оқытуы» тақырыбында, №4 кейс кадр саясатына қатысты «Тәртіптік жауапкершілік туралы» және №5 кейс «Штатты жасақтау» тақырыбында тапсырмаларды орындап, осы салалардағы мәселелерге орай өздерінің тың ұсыныстарын сахна төріне шығып қорғады. Бұл тақырыптар бойынша кейстерді командалар өздеріне бекітілген фасилитатор, яғни жетекшілерімен бірге орындады. №1 кейсте жолаушылар пойыздарындағы теміржол қызметкерлері арасында билетсіз жолаушыны отырғызу, ресімделмеген жүктерді алып жүру сияқты келеңсіздіктерге жол бермеу бойынша ұсыныстар сұралды. Келесі кейсте тасымалды басқарудың өңірлік орталығында кадр тұрақтылығын сақтау жолдарын ұсынуға тапсырма берілді. Одан соңғы кейсте машинист көмекшілерін машинист лауазымына оқытуға жібергенде дұрыс бағыттау, қажеттіліктерді жасау және оларды бөлу айқындылығын арттыру үшін қандай шаралар қабылдауға болатыны сұралды. Төртінші тапсырма қызметкерлерді заңсыз жұмыстан шығару жағдайларының алдын алу, еңбек қатынастарын бұзу түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тарту құжаттары мен рәсімдерінің сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар күтілді. Соңғы кейсте біліктілік талаптарына сай келмейтін және шалғай станциялардағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің желілік деңгейдегі кәсіпорындарындағы ауысымдық жұмысшылар мен басшылық қызметтер бойынша бос жұмыс орындарын жасақтауға ұсыныстар керектігі айтылды.  

– Хакатонға компанияның еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің барлық өңірлерінен адами ресурстарды басқару және жалақыны есептеу қызметінің 45 маманы қатысып отыр. Олар 9 адамнан 5 командаға бөлініп, аталған өндірістік кейстердегі тапсырмаларды орындауда. Бүгін осы мәселелер бойынша іс жүзіндегі шешімдерге қол жеткіземіз деген үміттеміз. Кейстер бойынша айтылатын мәселелер шешімдерінің компания қызметін дамытуда, жетілдіруге көмегі зор, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының бас менеджері Дархан Төкенов.  

Түстен кейін өткізілген панельдік сессия тақырыбы – «Әлеуметтік-еңбек саласындағы келісе алмаушылық және оларды шешу жолдары» деп аталып, оған  қонақ ретінде ҚТЖ компаниясының корпоративтік омбудсмені Серік Темірболатов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов және «Қазақмыс Холдинг» ЖШС, «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС, «Integra construction» ЖШС басшылары қатысты.  

       Осылайша алғашқы хакатонның негізін қалаған Магистральдық желі дирекциясы қызметкерлері енді оның келесі жолғы өткізу кезегін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырды. Компанияда хакатонды өткізуді дәстүрге айналдыру жоспарлануда.  

 – Алғашқы хакатонның қатысушысы болғаныма  қуаныштымын. Ұйымдастырылуы жоғары деңгейде екенін  байқап отырмыз. Көздеген  мақсатымыз – білім алу, команда болып жұмыс істеу, проблемалық сұрақтарды шешу, бүгінгі қозғалған мәселелер шешімін пайдалану болса, оған қол жеткіздік деп ойлаймын. ҚТЖ компаниясының басты құндылығы – қызметкерлері. Біз сол қызметкерлермен жұмыс жүргізетін жауапты маман болғандықтан бұл хакатонның біздің жұмысымыз үшін берері мол, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі персоналды басқару бөлімінің басшысы Анар Жалғасбаева.  

Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды
ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды
Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды