«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Ғылыми-техникалық кітапхана залында Компания бас инженері-Техникалық саясат департаментінің директоры Батыр Котыревтің басшылығымен 2023 жылдың 9 айлық жұмыс қорытындысы талқыланған жиын өтті.  

Оған Компанияның құрылымдық бөлімдері мен еншілес ұйымдарының бас инженерлері, техникалық-инженерлік құрам мамандары және онлайн форматта  «Құрық Порты» ЖШС және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ басшылары қатысты. Басқосу барысында құрылымдық бөлімдер мен еншілес ұйымдар бас инженерлері Инженерлік-техникалық іс-шаралардың кешенді жоспарының орындалуы туралы баяндады. Сондай-ақ қиындық тудырып отырған мәселелер қарастырылды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық саясат тұжырымдамасының шешіміне сәйкес жыл сайын Инженерлік-техникалық іс-шаралардың кешенді жоспары бекітіледі және ол  жаңа техника мен технологияларды (оның ішінде инновациялық жобаларды) енгізу;  техникалық құралдар жұмысының сенімділігін арттыру; техникалық құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру; нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру;  қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және экология; төмен көміртекті даму; метрология; ресурстарды үнемдеу, энергияны үнемдеу сияқты бөлімдерді қамтиды.  

Талқылау соңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас инженері Б.Қ.Котырев 2023 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша нақты нұсқаулар берді.