Тепловоздарды диагностикалаудың тиімді әдісі

Трансформация
23.01.2024, 08:37
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-на қарасты Бурабай курорты локомотив пайдалану депосының Көкшетау станциясындағы локомотив айналым депосының базасында локомотивтерге реостаттық сынақтар жүргізілетін болады. Бұл тепловоздардың техникалық жағдайын диагностикалаудың тиімді әдісі.

Олар дизель-генератор қондырғысының дұрыс жұмыс істеуін, электр тізбегінің және жылжымалы құрамның басқа механизмдері мен құрылғыларының реттелуін тексеруге мүмкіндік береді. Бұған дейін сынақтар Қазалы станциясында өткізілген болатын. Ол жерге ай сайын бес локомотивке дейін жіберіліп келді.

– Реостаттық жұмыстарды жергілікті жерде жүргізу осы қызметтің құнын, локомотивтерді тасымалдауға немесе қайта орналастыруға, ілесіп жүретін персоналдардың іссапарына жұмсалатын шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл шамамен 120 млн теңге үнемін құрайды, – дейді Бурабай курорты локомотив пайдалану депосының бастығы Қажыбек Нашанов. 

Сонымен қатар Көкшетау локомотив айналым депосының базасында жұп дөңгелектерді қайрау бойынша, яғни ТО-4 көлемінде жөндеу жүргізетін цех ашылып және автотежегіштерді тексеру бойынша арнайы жабдық орнатылған. Бұл Көкшетау станциясында жұп дөңгелектерді қайрауға мүмкіндік бермек. Бұған дейін осы жұмыстарды жүргізу үшін ай сайын Астана мен Жаңа-Есіл станцияларында орналасқан «Қамқор локомотив» және «Жаңа-Есіл-Феникс» ЖШС кәсіпорындарына 4 локомотив жіберіліп келген болатын. Енді бұл жұмыс та Көкшетау станциясында атқарылып, қыруар шығын қысқартылатын болды. Сонымен қатар Көкшетау айналым депосы реостаттық және жұп дөңгелектерді қайрау жұмыстарын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШСнің басқа филиалдарына және сырттан ниет білдірген басқа ұйымдарға көрсетуге күш-қуаты толық жетеді. 

Сондай-ақ жыл сайын Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінде локомотивтердің автотежегіш жабдықтарына тексеру жүргізілуде. Кезінде бұл қызмет те Ерейментау станциясында «ТМЗ Сервис Казахстан» ЖШС жекеменшік кәсіпорнында атқарылып келген. 

– Жаңа цехтың ашылуы және жабдықтардың орнатылуы локомотивтерді тасымалдауға немесе персоналды іссапарға жіберуге кететін шығындарды және уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр, сәйкесінше локомотивтің жұмыссыз тоқтап тұру уақыты едәуір қысқарып, бұл шамамен 9,5 млн теңгені үнемдеуге ықпал етті, – дейді депо бастығы Қажыбек Рамазанұлы. 

Қазір Бурабай курорты локомотив пайдалану депосының ВЛ80 электровозы базасында локомотив тренажерын іске қосу жұмысы аяқталуға жақын. Бұған Компания басшылығы қолдау білдіріп отырған көрінеді. Техникалық класс барлық қажетті керек-жарақпен жабдықталған, ал алдағы уақытта тренажерда локомотив бригадаларымен стандартты емес жағдайларда әрекет ету, локомотив техникасы істен шыққан кезде күрделі жағдайдан жол табу бойынша практикалық сабақтар өткізу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды