Техникалар паркі кезең-кезеңмен жаңаруда

Трансформация
14.03.2025, 08:40
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздің теміржол магистральдарын сауықтырып, жаңғыртып-жаңалауда ауыр жол техникаларының рөлі зор. Ал осы арнайы жылжымалы құрам, автотракторлық техникалар, жол шаруашылығының шағын механикаландыру құралдарының жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету, оларға техникалық қызмет көрсетіп және жөндеу түрлерін жүргізіп, жаңарту «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Жылжымалы құрам және механикаландыру департаментіне жүктелген.

Техникалар паркі кезең-кезеңмен жаңаруда. Өткен жылы 4 төсеу краны, 8 өздігінен жүретін МПК платформасы, 3 бірлік ВПО-С жол машинасы, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарына арналған теміржол жүрісіндегі кран және 4 тиеу-көлік мотовозы сияқты техникалар сатып алынды. Қиыршық тас тазалағыш машина және 3 электробалластер сияқты ауыр типтегі машиналарды сатып алу жолды күрделі жөндеу көлемін, сондай-ақ жолды шаруашылық тәсілмен жөндеудің басқа түрлерін ұлғайтуға, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға және толаскез уақытын 4 есеге азайтуға мүмкіндік береді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолды күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды орындау, сондай-ақ қиыршық таспен толтыруды талап ететін учаскелерді азайту мақсатында жолды жөндеу және қиыршық тасты тазалау жұмыстарын орындау кезінде пайдаланылатын хоппер-дозаторлық ХДВ вагондарын сатып алу қажет. 2025 жылы 90 бірлік көлемінде осындай вагондарды сатып алу жоспарланған.  

Бұдан басқа алдағы екі жылда жол жұмыстарын жеңілдететін тағы бірқатар техникалар сатып алынбақ. Атап айтқанда, 10 бірлік рельстерді тасымалдау үшін ПРЛ жолжөндеуші летучкасы, 1 бірлік ескі жарамды рельс бунақтарын немесе бунақтарға жиналған инвентарлық рельстерді жаңа рельсті бунақтарға ауыстыруға арналған рельсті төсеу кешені сатып алынған. Бұл техникаларды сатып алуға биыл келісімшарт жасалып, 2026 жылы жеткізілмек. Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстары үшін теміржолмен жүретін 1 кран сатып алу жоспарланған. Мамандардың айтуынша, көлік жағдайынан телескопиялық стрелкасы шығатын жұмыс жағдайына тез бейімделетін және тар жағдайларда, яғни ригельдердің астында жұмыс істей алатын бұл техника пойыздардың үзілген қозғалысын қалпына келтіру уақытының қысқаруына айтарлықтай әсер етеді.  

«Жол техникалары жазғы жол жұмыстарында жолдың ағымдық күтімін жасауға тұрақты жұмылдырылады. Мәселен, өткен жылы Дуоматик машиналарымен 2500 астам шақырым жол асты, Унимат және ВПРС машиналарымен 2000 жуық бағыттағыш бұрма асты нығыздалды. Сонымен қатар RM машиналарымен 274 км жолдың баласты тазартылып, Desek машинасын қолдана отырып, 306 бірлік бағыттағыш бұрма төселді. Атлас машиналарымен 3760 км жолдың рельсі ажарланып, 800 км астам жол ПРБ машиналарымен түзетілді. Темір жолдардың 12 мыңға жуық түйіспесі ПРСМ машиналарының көмегімен дәнекерленді. Бұл ауыр жол техникаларын пайдалана отырып, биыл да 1400 км астам жолды сауықтырып, жөндеу түрлерін жүргізу қарастырылып отыр», – дейді департамент директоры Андрей Шаповалов.  

Биыл Шымкент магистральдық желі бөлімшесі бойынша жазғы жол жөндеу науқаны шеңберінде өңірдегі 160 шақырымға жуық жолды сауықтыру жоспарланып, қазір осы жұмыстар басталған. Шымкенттік теміржолшылар, жұмыстар жоғары өнімді техникаларды, атап айтқанда қиыршық тасты тазалайтын және жолдардың түзейтін машиналарды қолдана отырып жүргізілетінін айтып отыр. Сондай-ақ UNIMAT MF және DESEC жол машиналары кешендерінің көмегімен 100-ден астам бағыттаушы бұрмалардың жағдайы жақсартылмақ. Ал темірбетон негізіндегі 41 бағыттамалы бұрма кешені жаңасына ауыстырылмақ. Бұдан басқа, Арыс станциясын дамытудың 2-ші кезеңін іске асыру үшін теміржолшылар Арыс-2 станциясы мен Арыс-1 станциясының «Д» паркінің арасындағы айналма жолдың 3 шақырымына күшейтілген орташа жөндеу жүргізілмек. Өткен жылы Арыс станциясын дамытудың бірінші кезеңі аясында жұп сұрыптау жүйесінің екі паркі қалпына келтіріліп, бұл станцияның өткізу қабілетін 20%-ға арттыруға мүмкіндік берген еді.  

Жылжымалы құрам және механикаландыру департаменті қысқы маусымда қар тазалау және жинау техникаларына да жауапты. Мәселен, биылғы жылдың қыс маусымына департамент мамандары еліміз бойынша 280 бірлік қар жинайтын және қар тазалайтын техниканы дайындап, ауа-райы нашарлаған кездерде күн сайын 50-ден 150 бірлік машинаға дейін жұмылдырылып келеді.  

Өткен жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеу жүргізу арқылы нормативтік қызмет мерзімі өткеннен кейін кейінге қалдырылған 60 бірлік хоппер-мөлшерлегіш вагондарды пайдалануға беру қамтамасыз етілген.

«Жол машиналары машинистерінің бригадалары үшін санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша бағдарламалар шеңберінде жолаушылар вагондарының қызмет ету мерзімі өткеннен кейін оларды тұрғын жай болатын модульдік вагондарға айналдыра отырып, 13 бірлікке жөндеу жүргізілді. Вагондарға жөндеу жүргізу барысында киімді шешуге және кептіруге арналған шкафтар жасалып, жуынатын бөлме мен дәретхана, ас үй, асхана, ұйықтайтын орын және шеберхана орнатылды. 2025 жылы бұл жұмыстар жалғасады, біз 16 бірлік вагонды жөндеуді жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді сөзін Андрей Владимирович.  

 

Аймақтар
30.06.2026
Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
30.06.2026
Ақмола облысында үш теміржол вокзалы жаңғыртылды
Инфрақұрылым
30.06.2026
Вокзалдардың бағын ашқан бағдарлама
Сұхбат
30.06.2026
Ақтау порты – халықаралық логистика жүйесіндегі маңызды буын
Станция тынысы
30.06.2026
Ірі теміржол торабын бағындырған нәзік жандылар
Аймақтар
30.06.2026
Сыр өңірінде теміржол инфрақұрылымы жаңарып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Аймақтар
30.06.2026
Мақсат – өзгерістерге бейімделу
Жаңалықтар
30.06.2026
Сала дамуына үлес қосқан теміржолшылар құрметті демалысқа шықты
Жаңалықтар
30.06.2026
Үздік аудармашы
Жаңалықтар
30.06.2026
ҚТЖ мен Эстон темір жолдары Азия мен Еуропа арасындағы жаңа көлік маршруттарының дамуын талқылады
Жаңалықтар / Мұрағат
30.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №50 30 маусым 2026 жыл
Спорт
29.06.2026
Түлкібастағы тораптық жарыс
Аймақтар
29.06.2026
Үш өңірде қайта құрудан кейін бес теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр
Әлемде
29.06.2026
Израильдегі теміржол құрылысы кезінде 1700 жылдық Рим мүсіндері табылды
Жаңалықтар
29.06.2026
Жолаушылардың тыныштығы – басты назарда
Аймақтар
28.06.2026
Қазалы теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.06.2026
Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды
Аймақтар
27.06.2026
Тайынша теміржол вокзалында ғимаратты қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды