Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді

Трансформация
24.08.2026, 11:12
Сурет: Көлік министрлігі

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік саласын цифрландыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Көлік министрлігінің Ахуалдық орталығында Премьер-министрге автожол, теміржол және авиация салаларында енгізіліп жатқан заманауи шешімдер мен IT-әзірлемелер ұсынылды. Атап айтқанда, ұлттық бейнебақылау жүйесі, e-Joldar, Smart Cargo, Q-Gate, QazETA, Echelon Alpha, KinetiX және Trip Optimizer көрсетілді.

Теміржол саласында жылжымалы құрамды қашықтан диагностикалау үшін KinetiX жүйесі енгізілуде. Оны қолдану есебінен стансада техникалық байқау уақыты 30%-ға және қолмен өлшеу көлемі 70%-ға қысқарды. Trip Optimizer жол профилін, құрам массасын және жылдамдық шектеулерін ескере отырып, пойызды автоматтандырылған жүргізу үшін қолданылады.

Премьер-министр сондай-ақ мамандандырылған жол-диагностикалық техниканы қарап шығып, бірқатар аяқталған инфрақұрылымдық жобалар бойынша баяндамаларды тыңдады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда сектордың жалпы өнімі 3 есеге өсіп, 14 трлн теңгеден асты. 5 мың шақырым теміржол жолы және 5 мың шақырым автомобиль жолы жөнделді, теміржол арқылы транзит көлемі 33 млн тоннаға жетті, ал автомобиль тасымалының көлемі 3 есеге артты. Цифрландыруды одан әрі дамыту нәтижесінде алдағы үш жылда 2,2 мың шақырым жаңа теміржол желісін салу, транзит көлемін 77 млн тоннаға дейін ұлғайту, ал теңіз порттарының өткізу қуатын 4 есеге арттыру жоспарлануда. 2040 жылға қарай ішкі автомобиль тасымалының көлемі қазіргі 353 млн тоннадан 590 млн тоннаға дейін өседі деп болжануда.

Премьер-министр көлік саласын цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық қызметтер мемлекетін одан әрі құрудың басымдығын айқындады. Үкімет алдында экономиканың барлық салаларына пайдалы жасанды интеллект шешімдерін енгізу қарқынын жеделдету міндеті тұр. Бүгін таныстырылған көлік саласын технологиялық трансформациялау жобаларын қысқа мерзімде бүкіл ел бойынша ауқымды түрде енгізуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр қауіпсіздікті арттыру, мерзімдерді қысқарту және шығындарды оңтайландыру мақсатында Көлік және аралас салалардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша да тапсырмалар берді.

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер