Инновациялық шешімдер көш басында

Трансформация
03.06.2019, 15:20
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформация тобының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласында өткен SAP NOW Kazakhstan форумына қатысып, корпоративті қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшы компаниямен бірлесе атқарып жатқан жобалар туралы сөз қозғады. 

ҚТЖ көлік саласындағы көптеген компаниялар секілді өз мақсаттарына заманауи цифрлық технологиялар арқылы қол жеткізуге ұмтылады. Соның бір дәлелі – былтырдан бері аталған компания платформасында жүзеге асып жатқан «Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі» атты трансформация бағдарламасы. Форум барысында осы жобаның ұлттық компанияда қалай жүзеге асып жатқаны жайлы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі жобасының жетекшісі Арнұр Кәрібаев пен компанияның қаржылық бақылаушысы Шолпан Омарбекова егжей-тегжейлі айтып берді.

– Біздің алға қойған басты міндеттеріміздің бірі – қызметтің операциялық тиімділігін арттыру. Оның шешімін бизнесті транс формациялау бағдарламасынан көреміз. Бұл бағдарлама аясында 2018 жылы «Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі» жобасы іске қосылды. Жоба мақсаты – қысқа мерзімді және орташа мерзімді аралықта сұранысты, өндірістік процестерді болжаудан бастап қаржылық экономикалық көрсеткіштерді бекітуді жоспарлауға дейінгі барлық кезеңдердегі жоспарлау және болжамдау процесін жетілдіру, өндірістік жоспарлауды анықтау. Жоба қазіргі таңда инновациялық компания базасында жүзеге асырылуда. Оған осы компанияның сарапшылары мен кеңесшілері қатысады. ҚТЖ өте үлкен компания, көлемді жүктерді тасымалдайды. Сондықтан бұл тасымалды болжамдау біз үшін жоспарлаудың маңызды факторы болып табылады, – деді өз сөзінде Шолпан Омарбекова.

Оның айтуынша, аталған жоба жоспарлау процестерін автоматтандыруға бағытталған. Болжам жасау үшін үлкен көлемдегі мәліметтер жиналады. Сол бағытта деректерді қолмен жинау процесін болжамдау, оңтайландырудың ІТ құралдарымен және заманауи математикалық модельдермен алмастыру жоспарланған. Болашақта жоспарлау процесіне қатысатын барлық бөлімшелер бір жүйеге біріктірілмек. Сонымен қатар теміржол өкілдері инновациялық шешімдердің бәсекелес ортада көш бастауға жетелейтіні жайында және заманауи технологиялардың арқасында шын мәніндегі интеллектуалды кәсіпорын құруға болатыны туралы өз ойларын айтты.

Өз кезегінде Арнұр Кәрібаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дағы жүк ағынын интеллектуалды жоспарлау» тақырыбында слайдтарды ұсына отырып, баяндама жасады. Ол Қазақстан теміржолының жалпы табысындағы жүк тасымалының үлесі 80 пайызды құрайтынын және бұл жоба – көлік-логистика саласы үшін тиімді инновациялық шешім екенін мәлімдеді.

– Бұл жүйе корпоративті қолданушыларға кез келген уақытта деректерді пайдаланып, орташа мерзімді жоспарлардың сценарийлік талдауын жасауға және әр түрлі деңгейде инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауға жол ашады. Сонымен қатар акционермен коммуникация жасауды жолға қояды, – деді Арнұр Кәрібаев.

Серіктес компанияның шешімдері мен сервистерін әлемде 180 елдегі 413 мыңнан аса клиент қолданады. ҚТЖ биыл SAP Innovatіon world инновациялық жаһандық жүлдесіне қатысып, үздіктер қатарынан көрінген.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды