Сұрақ: Бір реттік (разовый) жұмыс атқаратын жұмысшылар мақсатты нұсқаулықты үнемі өткізбей, оны лауазымдық нұсқаулыққа кірістірсе бола ма?
Жауап: Бұл бір жұмысты өз мамандығына қоса атқару (совмещение) болып табылады. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес бір жұмысты өз мамандығына қоса алып жүру, қызмет көрсету аймағын кеңейту немесе жұмыста жоқ қызметкердің орнына уақытша соның міндетін атқару бойынша берілетін үстемеақы көлемін орындалған жұмыс көлеміне қарай жұмысшының өзімен келісе отырып жұмыс беруші тағайындайды. 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шартта былай көрсетілген: мамандықтарды қоса алып жүру дегеніміз – еңбек келісімшартында көрсетілген негізгі жұмысына қоса басқа мамандық бойынша қосымша жұмыс атқару. Жұмыста жоқ адамның орнына оның міндетін уақытша атқарғаны үшін жұмысшыға үстемеақы қай кезде төленбейді? Егер жұмыста уақытша жоқ адамның орнына жұмыс істеу оны атқаратын қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса төленбейді. Бұл үстемеақы жасалған жұмыс көлеміне қарай негізгі жұмыс бойынша тариф мөлшерлемесінің 30 пайызынан аспайтын сома көлемінде белгіленеді. Сол себепті бір реттік жұмыс бойынша жұмысшыларға мақсатты нұсқаулық жүргізуге міндеттісіз
Бір реттік жұмыс атқаратын маман жұмысшыларға мақсатты нұсқаулық жүргізуге міндетті ме?
Оқуға 1 мин