«Қазтеміртранс» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы) жыл сайын жүк паркінен тұрғындар мен ЖЭО қажеттіліктері үшін көмір, инфрақұрылымдық жобаларды салу үшін қиыршық тас, азық-түлік тауарларын және т. б. сияқты стратегиялық маңызды жүктерді тасымалдауға арналған вагондардың шамамен 85%-ін іске қосады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Өткен жылы әлеуметтік маңызы бар жүктер бойынша тасымалдау көлемі 69,6 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% артық.

Ағымдағы жылы тиеу 2022 жылғы деңгейге қарағанда 3% өсіммен, яғни 70 млн тоннаға өседі деп болжануда. Жыл басынан бері «Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен 31 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар жүк тасымалданды.