Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026, 08:28
Оқуға 1 мин

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі арқылы 212,7 млн тонна жүк тасымалданды. Республика ішіндегі тасымал көлемі 112,4 млн тоннаға жетті. Экспорттық тасымал 6,8%-ға артып, 61,5 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жыл басынан бергі сегіз айда ҚТЖ желісі бойынша 68,3 млн тонна таскөмір тиелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп. Оның 46,8 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға жеткізілді (+2%), ал экспортқа 21,5 млн тонна көмір жөнелтілді (+2%).

Астық тасымалында да оң динамика сақталды. Қаңтар-тамыз айларында 9,3 млн тонна астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13%-ға жоғары. Астық экспорты 14%-ға өсіп, 7,2 млн тоннаға жетті. Республика ішінде 2,1 млн тонна астық тасымалданып, өткен жылғы көрсеткіштен 8%-ға артты. Ұн тарту өнімдерінің экспорттық тасымалы 6%-ға өсіп, 1,8 млн тоннаны құрады.

Есепті кезеңде ҚТЖ желісі арқылы 14,6 млн тонна түсті кен және 13,4 млн тонна құрылыс материалдары тасымалданды.

Басқа да негізгі жүк түрлері бойынша өсім байқалды. Темір кені тасымалы 69 млн тоннаға жетіп, 1,3 млн тоннаға немесе 1,9%-ға артты. Қара металдар тасымалы 10,8 млн тоннаны құрап, 4,5%-ға өсті. Шикі мұнай тасымалы 1,5 млн тоннаға жетіп, 29,8%-ға артты.

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл