Қытайдың CRRC компаниясы Түрікменстанға алғашқы үш секциялы жүк тепловоздарын жеткізді

Әлемде
18.06.2026, 09:35
Сурет: Демиреллары

11 маусым күні Ашхабад станциясында екі жаңа локомотивтің таныстырылымы өтті. CRRC компаниясының Цзыянь қаласындағы зауытында шығарылған бұл жылжымалы құрам «Демиреллары» ұлттық тасымалдаушысына табысталды деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мәліметтерге қарағанда, жаңа тепловоздар салмағы 6,3 мың тоннаға дейінгі поездарды тартуға қауқарлы және олардың ең жоғары жылдамдығы сағатына 100 шақырымды құрайды. Алты осьті әрбір секция пайдалану тиімділігін арттыратын заманауи басқару жүйесімен жабдықталған. Осы үлгідегі тепловоздардың жалпы қаншасы жеткізілетіні туралы ақпарат әзірге жарияланбады.

Осы жылдың басында CRRC компаниясы «Демиреллары» үшін CKD9C және CKD9A сериялы 20 жүк тепловозына күрделі жөндеу мен терең модернизациялау жұмыстарын аяқтаған болатын. Бұған дейін бұл техникалар орта есеппен 20 жыл бойы пайдаланылып, 2 миллион шақырымнан астам жолды жүріп өткен еді. Жаңарту жобасы аясында локомотивтердің негізгі бөлшектері (арбашалары, дизельді қозғалтқыштары мен электрлік жүйелері) мұқият жөнделіп, оларға жаңа буынның интеллектуалды басқару жүйелері, қауіпсіздікті бақылау технологиялары мен эргономикалық жақсартулар енгізілді.

Ал CRRC компаниясының Түрікменстанға су жаңа жылжымалы құрам жеткізу бойынша соңғы келісімшарты 2023 жылдың мамыр айында аяқталған еді. Сол кезде 2022 жылы тапсырыс берілген 15 дана екі секциялы CKD9A-1 сериялы магистральдық жүк тепловоздарының соңғы екеуі қабылданып алынған болатын. Жалпы алғанда, 2004 жылдан бері Цзыянь зауыты Түрікменстанға 300-ге жуық магистральдық және маневрлік локомотивтер жеткізді. Бүгінде бұл техникалар елдегі теміржол тасымалының 98%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?