1520 кеңістігінің жаңа мүмкіндіктері

Новости
09.06.2016, 10:41
Сочида өткен XI  халықаралық «Стратегиялық серіктестік – 1520» бизнес-форумы 30-дан астам мемлекеттен 1400-ге тарта сала мамандарының басын қосты. Шараның басты тақырыбы – «Кеңістік 1520 картасы» болды. Форум аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасында халықаралық жүк тасымалы бағдарындағы электрондық құжат алмасу саласы бойынша Келісімге қол қойылды. «Стратегиялық серіктестік – 1520» бизнес-форумы – темір жол секторының ең бір сан алуан мәселелерінің тиімді шешімдерін бірлесе іздеуге арналған теңдессіз алаң. Онда тасымал нарығының барлық қатысушыларының, атап айтқанда, өндірістік өнеркәсіп, көліктік және логистикалық компаниялар, вагон мен локомотивтерді өндірушілер, орта және шағын бизнестің қызығушылықтары қарастырылады.  Форум жұмысына Ресей Федерациясы атқарушы және заң билігі органдарының, ТМД және Еуроодақ елдері темір жолы компанияларының, жылжымалы құрам операторы, көлік техникасын өндірушілер, халықаралық ұйымдар, көліктік-логистикалық, лизингтік және сақтандыру кешені кәсіпорындарының  жетекшілері қатысуда.

 «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Олег Белозеров 10 жылдың ішінде форумның маңызды шешімдер қабылданатын алаңға айналғанын жеткізді. 1520 кеңістігінің ауқымы біртіндеп ғаламдық сипат алып келеді. Жемісті ынтымақтастықтың айғағы ретінде Индонезия елімен бірлескен жобаларды атауға болады.

– Соңғы жылдары әлемде ғаламат өзгерістердің орын алғандығы соншалық 1520 кеңістігі теміржолдарының бұдан әрі қарай жылжуы керектігін ақылдасатын қажеттілік туындады. Клиенттерге ыңғайлы тауар өткізуші тізбекті, жаңа көлік өнімдерін, көлік жасаушыны азайтып және сапа мен сервис толықтығын арттыратын  тиімді толассыз бағалар ұсыныстарын беруде шараларды бірлесе өткізу қажет. Бізде негіз болатын дүние көп, –  деді Олег Белозеров форум қатысушыларына.

Форум «Ағымдағы жағдайда жаңа мүмкіндіктерді қалай анықтауға болады?» деген пікір-таласпен басталды. Оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин де қатысты. Компания басшысы еуразиялық көлік дәлізін дамыту болашағындағы өзінің көзқарасымен таныстырды. Ол еуразиялық құрлықаралық көлік дәлізін құрудағы Қазақстанның транзиттік әлеуетін атап өтті.

– Қазақстан трансазиялық дәліздің дамуына айтарлықтай назар аударып отыр. Осы мақсатта Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданып, онда барлық көлік түрлерінің кең көлемде жаңғыртылуы қарастырылады, – деп атап өтті А. Мамин. – Тек қана соңғы алты жылда 1700 шақырымдық жаңа темір жол желілері салынды.           

Оның айтуынша, Қазақстанда құрылған логистикалық инфрақұрылым 1520 темір жол табанымен қызмет көрсететін Қытай, Еуропа, Иран және Парсы шығанағы елдеріне ықпалдасуды күшейтті. Бұл өз кезегінде баламалы теңіз жолынан бас тартып, 1520 кеңістігінде бәсекелестікті күшейтті.

 –Осы жылы күтілетін қорытындылар есебінен бізге Қытайдан Еуропаға және керісінше бағытта контейнер айналымын жүз есе арттыру мүмкін болды. Басқа да бағыттар дамуда. Біз тәжікстандық әріптестермен бірге Иранға жол ашатын «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін құрдық, Әзірбайжан және Грузиямен бірге транскаспийлік бағытты дамытудамыз. Мұның барлығы біздің өңірде қуатты көліктік-транзиттік хаб құруға мүмкіндік береді, – деді Асқар Мамин. – 2020 жылға дейін Қазақстан арқылы контейнер ағымын екі миллионға дейін жеткізу жоспарлануда. ҚТЖ президенті атап өткендей, Қазақстанның алдында 2020 жылға қарай  логистикалық қызметі жетілген 40 елдің қатарына кіру міндеті тұр.  «ҚТЖ»ҰК»АҚ басшысы, сондай-ақ Еуропа және Парсы шығанағы елдері нарығына шығуға мүдделі ҚХР провинцияларымен жүк ағымын тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.

– Соңғы жеті жылда теңіз тасымалы ақысының көлемі жеті есе азайды. Дегенмен, соған қарамастан біздің еліміз арқылы өтетін транзиттік ағымдар мен көлемдерді өсіруге қол жеткізілді. Осы қарқынды сақтап, әрі қарай да осы бағытта жұмысты жалғастырамыз деп ойлаймыз, – деп атап өтті Асқар Мамин. – Тіпті қатаң бәсекелестік жағдайында да бізге табысты компания болып қала беру мүмкіндігі бар. Біздің өсіміміздің басты сегменті – ол транзит. Бүгінгі таңда жалпы табыстың шамамен 28 пайызын транзиттік тасымалдан түсетін табыс құрайды. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

ҚТЖ басшысы Асқар Маминның айтуынша, табыс кілті – клиенттердің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдай жасау.

Дина МУЗДУБАЕВА, 

Астана-Сочи

Регионы
17.07.2026
Завершена реконструкция железнодорожного вокзала Жаксы
Новости
17.07.2026
КТЖ проводит республиканские акции по безопасности на железной дороге
Новости
17.07.2026
АО «Қазтеміртранс» приобретет 13 тысяч грузовых вагонов до 2032 года
Пассажирские перевозки
17.07.2026
АО «Пассажирские перевозки» получило сертификаты по четырём стандартам ISO
Интервью
17.07.2026
Порт Курык раскрывает свой потенциал как ключевое звено ТМТМ
Новости
17.07.2026
Правительство определило ключевые задачи по развитию ж/д инфраструктуры Казахстана
Новости / Архив
17.07.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №54 от 17 июля 2026 года
Новости
16.07.2026
Руководство Дирекции магистральной сети оценило ход реконструкции вокзала в Аркалыке
Новости
16.07.2026
Пожарные поезда КТЖ участвовали в ликвидации степных пожаров в Акмолинской и Павлодарской областях
Пассажирские перевозки
16.07.2026
Нацперевозчик запускает пассажирский поезд Нурлы жол – Аркалык
Грузовые перевозки
16.07.2026
Грузооборот между Казахстаном и Китаем вырос на 9% за полгода
Новости
16.07.2026
Представители КТЖ приняли участие в церемонии вручения дипломов выпускникам ALT University
Новости
16.07.2026
Встреча руководства с молодыми сотрудниками прошла в Дирекции перевозочного процесса
Новости
15.07.2026
Руководство КТЖ провело серию двусторонних встреч с китайскими партнерами на бизнес-форуме в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ подписало пакет соглашений с китайскими партнерами в Шанхае
Новости
15.07.2026
КТЖ внедрило цифровую автоблокировку на 1 056 км железнодорожных линий
Регионы
15.07.2026
Условный пожар потушили в Карагандинском вагонном эксплуатационном депо
Регионы
15.07.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило плановые показатели за первое полугодие
Регионы
14.07.2026
Железнодорожники провели профилактическую лекцию по безопасности на ж/д переездах в Костанае
Пассажирские перевозки
14.07.2026
Об обеспечении санитарной безопасности в поездах рассказали в АО «Пассажирские перевозки»