Тұрсын ҚАЛИМОВА, АТЫРАУ
Қызылордалық бас теміржолшы Аманкелді Арысбаев балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 17 түрлі оқу құрал-жабықтарымен толтырылған мектеп сөмкесін 30 балаға табыс етті. Теміржолшылардың дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілді. Аталмыш акцияда «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жоба аясында 150 мың теңге қаражат жиналып, 30 баланың тізімі жасақталды. Балалардың түрлі әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алу және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатындағы акцияға қаламыздағы №3 мектеп-лицейі, №6 мектеп, Осипенко атындағы №8 мектеп және Б. Шалғынбаев атындағы №217 мектептің бастауыш сынып оқушылары таңдап алыныпты. Себебі осы мектептің ата-аналары теміржолшылардан қолдау сұрап келіпті. «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастырумен аймақтағы барлық теміржол мекемелердің кәсіподақ ұйымдары бірлесіп көмек сұраған 30 отбасы балаларына мектеп сөмкесі толы оқу қажеттіліктерін алып берді. Шара соңында өнерлі жас теміржолшылар балаларға дайындаған тәттілерін таратып, әннен шашу шашты.Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Білім күні қарсаңында жер жерде өтіп жатқан қайрымдылық шараларынан күзет қызметінің жігіттері де тыс қалған жоқ, 100-ден астам балаға мектеп құралдарын сатып алып берді. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы филиалы кәсіподақ ұйымынынң мұрындық болуымен материалдық жағынан аз қамтылған әлеуме,ттік жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек жасап, биыл мектеп табалдырығын аттайтын 118 балаға оқу құралдары толтырылған сөмкелер сыйға тартты. Филиал директоры Талғат Сисеннің хабарлауынша, күзет қызметі бүлдіршіндердің болашағы жарқын болып, биіктен көрінуіне сәл де болса септігін тигізссек деген ойда. «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, әрбір адам баласы білімді боп ып тумайды. Оны білімді ететін мектеп қабырғасы, сосын әрбір бүлдіршіннің қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен наным-түйсігі арқасында көкірек көзінің ояу болуы – адами құндылықтардың басты міндеті», – дейді ол.Бекбол Құлдан, Ақтөбе