"Мектепке жол" акциясына атсалысуда

Жаңалықтар
29.08.2017, 10:21
 Қоңыраулы күз атыраулық теміржолшылардың мектеп жасындағы балалары үшін қамсыз басталмақ.     Атырау жүк тасымалы бөлімшесіндегі  әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылары  балалары, сондай-ақ, үш баладан көп сала қызметкерлерінің бүлдіршіндері толықтай мектепке қажетті керек-жарақпен қамтылуда. Кеше Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен  теміржолшылардың 1-ші сыныпқа баратын балаларына арналған мектепке қажетті оқу құралдары толы 55 сөмке балаларға тарту етілді.  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шарасында  әсіресе шалғай станциялардағы теміржолшы отбасыларын оқу құралдарымен қамтуға басымдық берілген. Алғашқылардың бірі болып мектеп құралдары толы сөмкені иығына салған Әлимұхаммед Қадырханұлы биыл мектеп табалдырығын  алғаш аттамақ.  Оған және оның төрт бауырларына да Атырау жүк тасымалы бөлімшесі басшысының бірінші орынбасары Амантай Жайлығұлов пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов мектеп құралдары толы сөмке табыс етті. –Биылғы «Мектепке жол» акциясы Атырау  өңірінің теміржолшылары үшін жоғары деңгейде өткізілуде. Бұл ретте жалғызілікті және әлеуметтік демеуді қажет ететін отбасылар балаларына көңіл бөліп, бір жолғы материалдық көмекті қаржылай беріп отырмыз, – дейді Атырау жүк тасымалы  бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Орынбасар Райсов.     Жаңа оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттау сәтінде баласын мектеп құралдарымен қамтып,әрі материалдық көмек беруге шешім еткен басшылыққа разы болған Әлимұхаммедтің әкесі Қадырхан бес баланың әкесі. Атырау станциясында вагон жүрісі жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істейді. –Біздің отбасымыздың қазіргі жағдайын бағдарлап, қолдау білдірген кәсіподақ ұйымына алғысымыз зор. Жер телімін алып, жаңа баспананың іргетасын енді қалап отырғандықтан жұмыс беруші тараптан әркез қолдау көру жеке мен үшін үлкен көмек, – дейді Қадырхан Бөлешов. 

Тұрсын ҚАЛИМОВА,  АТЫРАУ 

Қызылордалық бас теміржолшы Аманкелді Арысбаев балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 17 түрлі оқу құрал-жабықтарымен толтырылған мектеп сөмкесін 30 балаға табыс етті. Теміржолшылардың дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өткізілді. Аталмыш акцияда «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жоба аясында 150 мың теңге қаражат жиналып, 30 баланың тізімі жасақталды. Балалардың түрлі әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алу және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатындағы акцияға қаламыздағы №3 мектеп-лицейі, №6 мектеп, Осипенко атындағы №8 мектеп және Б. Шалғынбаев атындағы №217 мектептің бастауыш сынып оқушылары таңдап алыныпты. Себебі осы мектептің  ата-аналары теміржолшылардан қолдау сұрап келіпті. «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастырумен аймақтағы барлық теміржол мекемелердің кәсіподақ ұйымдары бірлесіп көмек сұраған 30 отбасы балаларына мектеп сөмкесі толы оқу қажеттіліктерін алып берді. Шара соңында өнерлі жас теміржолшылар балаларға дайындаған тәттілерін  таратып, әннен шашу шашты.

 Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 

Білім күні қарсаңында жер жерде өтіп жатқан қайрымдылық шараларынан күзет қызметінің жігіттері де тыс қалған жоқ, 100-ден астам балаға мектеп құралдарын сатып алып берді. «Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ-ның  Ақтөбе қаласындағы филиалы кәсіподақ ұйымынынң мұрындық болуымен материалдық жағынан аз қамтылған әлеуме,ттік жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек жасап, биыл мектеп табалдырығын аттайтын 118 балаға оқу құралдары толтырылған сөмкелер сыйға тартты.  Филиал директоры Талғат Сисеннің хабарлауынша, күзет қызметі бүлдіршіндердің болашағы жарқын болып, биіктен көрінуіне сәл де болса септігін тигізссек деген ойда.  «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, әрбір адам баласы білімді боп ып тумайды. Оны білімді ететін мектеп қабырғасы, сосын әрбір бүлдіршіннің  қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігі мен наным-түйсігі арқасында көкірек көзінің ояу болуы – адами құндылықтардың басты міндеті», – дейді ол.

Бекбол Құлдан, Ақтөбе

 
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1