Жолаушыға қызмет етемін...

Новости
08.09.2017, 13:11
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол көлігімен қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсетуді  абыроймен жүзеге асырып келеді. Оған бүгінгі таңда жолаушыға көрсетілер сервистің түр-түрі дамып, әсіресе электрондық  және интернет желісі арқылы ұсынылатын қызмет түрлері  көз ілеспес жылдамдықпен көбейіп жатқаны  куә. Біз осы жолаушы тасымалы сферасында  қызмет жасайтын жүздеген  компания қызметкерлерінің арасында өз кәсібіне деген адалдығымен ерекшеленген жандар туралы айтпақпыз.   Ажалмен бетпе бет  Биылғы аспан айналып жерге түсетін  шілденің бір күнінде  «Астрахань – Маңғышлақ» жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаеваның жасаған ерлігі ауыздан ауызға тарады. Ол 9 айлық сәбиге қайта өмір сыйлады. Қапырық вагон ішінде ес-түссіз клиникалық өлім жағдайында жатқан Фатима есімді кішкентай сәбиді өмірге қайта алып келу үшін  жан-тері шығып  жанталаса күрескен жолсерік  көпшілік «өлді» деп күдер үзген сәбиді қайта тірілтіп, шын мәнінде ажал аузынан аман алды.   Жолсеріктер – кіндік шеше Баршаға бірдей қолжетімді теміржол көлігі арқылы күніне қанша адам сапар шегеді. Сондықтан пойызда дүниеге келіп, кіндігі кесіліп жататын сәбилер де аз емес. Сондай бір оқиға биылғы көктемде «Арқалық – Астана» пойызында орын алды. Жолаушылар пойызының бастығы Үмітай Жакишева бастаған жолсеріктер Атбасардан мініп, жол бойы толғағы қысқан  жас келіншекті аман-есен босандырып алады. Олар үшін бұл таңсық емес. Жолаушы қызметінде өз міндеттерін мінсіз атқарып, адам өмірі шешілетін ситуациялық сәттерде дәрігердің де рөлін атқарып, талай балаға кіндік шеше болып жүрген осындай жолсеріктер көптеп саналады.   Ала жіпті аттама...   Кез-келген иманды қазақ отбасында ата-ана балаларын «Ешкімнің ала жібін аттама» деп өсіреді. Астана мен Ақтөбе арасын жалғайтын «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызының жолсерігі Ержан Аденовтың  сондай тәрбиелі отбасыда өсіп, ақ сүт емген ұл екенін дәлелдеді. Ержан купеде матрас астында қалдырып кеткен жолаушының әмиянын тауып алып, ішіндегі 2 млн теңгені иесіне қайтарып бергендігі талайды таңқалдырды. Тұла бойына тектілік пен адалдықты сіңіріп өскен жас жолсерік пенделікке бой алдырмай, ақшаны бірден пойыз бастығына апарып тапсырады. Әмиян иесі ақшасы мен заттарын қолына алғанда «осындай да адал азаматтар бар екен-ау» деп қайта-қайта басын шайқап, алғысын жаудырыпты.  Жылдың үздік жолсерігі Өткен жылғы «Жолаушылар тасымалы» АҚ өткізген «Үздік жолсерік» байқауында «Солтүстік» аймақтық филиалының Алматы – Павлодар бағытындағы пойыздың жолсерігі Азамат Смағұлов жеңімпаз атанды. Болат жол бойында тоғыз жылдан аса қызмет етіп келе жатқан жолсерік киім-киісі, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті арқылы әріптестерінен оқ бойы озық шыққан. Жеңімпаз жігітке Қытайдың Хайнань аралына бір апталық демалысқа туристік жолдама берілді.  Үздік пойыз бригадасы «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастыруымен өткен кәсіби байқауда біліктіліктерімен танылып, жолаушыға қызмет көрсетуде ерекше қабілеттілік  көрсете білген «Солтүстік» аймақтық филиалының намысын қорғаған бригада топ жарып, «Үздік пойыз бригадасы» номинациясын иемденді.  Үздік жолсеріктер командасына «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің кубогы табыс етілді. Ерлік осылай туады  Темір жол көлігінде көздің қарашығындай сақталатын қасиетті ұғым қауіпсіздікті сақтау дегеніміз – апаттың алдын алу, адам өмірін сақтап қалу деген сөз. Үстіміздегі жылдың маусым айында қарағандылық машинист Ерболат Жүнісов пен көмекшісі Максим Гаюк белгі беру қызметінің қателігі, яғни бағдарды дұрыс көрсетпеуі салдарынан төтенше жағдайға тап болып, кәсіби біліктіліктерінің арқасында тығырықтан жол тапты. Қос теміржолшы өздері бағыт алған жолда жолаушылар пойызымен бетпе-бет келіп, абырой болғанда машинистің дер кезде  тежегішті басып, пойызды тоқтатып үлгергенінің арқасында  алапат апаттың алдын алып, жүздеген жолаушының өмірін сақтап қалған еді.

Дайындаған Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова