Жолаушыға қызмет етемін...
Жаңалықтар
08.09.2017, 13:11
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ темір жол көлігімен қатынайтын жолаушыларға қызмет көрсетуді абыроймен жүзеге асырып келеді. Оған бүгінгі таңда жолаушыға көрсетілер сервистің түр-түрі дамып, әсіресе электрондық және интернет желісі арқылы ұсынылатын қызмет түрлері көз ілеспес жылдамдықпен көбейіп жатқаны куә. Біз осы жолаушы тасымалы сферасында қызмет жасайтын жүздеген компания қызметкерлерінің арасында өз кәсібіне деген адалдығымен ерекшеленген жандар туралы айтпақпыз.
Ажалмен бетпе бет
Биылғы аспан айналып жерге түсетін шілденің бір күнінде «Астрахань – Маңғышлақ» жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаеваның жасаған ерлігі ауыздан ауызға тарады. Ол 9 айлық сәбиге қайта өмір сыйлады. Қапырық вагон ішінде ес-түссіз клиникалық өлім жағдайында жатқан Фатима есімді кішкентай сәбиді өмірге қайта алып келу үшін жан-тері шығып жанталаса күрескен жолсерік көпшілік «өлді» деп күдер үзген сәбиді қайта тірілтіп, шын мәнінде ажал аузынан аман алды.
Жолсеріктер – кіндік шеше
Баршаға бірдей қолжетімді теміржол көлігі арқылы күніне қанша адам сапар шегеді. Сондықтан пойызда дүниеге келіп, кіндігі кесіліп жататын сәбилер де аз емес. Сондай бір оқиға биылғы көктемде «Арқалық – Астана» пойызында орын алды. Жолаушылар пойызының бастығы Үмітай Жакишева бастаған жолсеріктер Атбасардан мініп, жол бойы толғағы қысқан жас келіншекті аман-есен босандырып алады. Олар үшін бұл таңсық емес. Жолаушы қызметінде өз міндеттерін мінсіз атқарып, адам өмірі шешілетін ситуациялық сәттерде дәрігердің де рөлін атқарып, талай балаға кіндік шеше болып жүрген осындай жолсеріктер көптеп саналады.
Ала жіпті аттама...
Кез-келген иманды қазақ отбасында ата-ана балаларын «Ешкімнің ала жібін аттама» деп өсіреді. Астана мен Ақтөбе арасын жалғайтын «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызының жолсерігі Ержан Аденовтың сондай тәрбиелі отбасыда өсіп, ақ сүт емген ұл екенін дәлелдеді. Ержан купеде матрас астында қалдырып кеткен жолаушының әмиянын тауып алып, ішіндегі 2 млн теңгені иесіне қайтарып бергендігі талайды таңқалдырды. Тұла бойына тектілік пен адалдықты сіңіріп өскен жас жолсерік пенделікке бой алдырмай, ақшаны бірден пойыз бастығына апарып тапсырады. Әмиян иесі ақшасы мен заттарын қолына алғанда «осындай да адал азаматтар бар екен-ау» деп қайта-қайта басын шайқап, алғысын жаудырыпты.
Жылдың үздік жолсерігі
Өткен жылғы «Жолаушылар тасымалы» АҚ өткізген «Үздік жолсерік» байқауында «Солтүстік» аймақтық филиалының Алматы – Павлодар бағытындағы пойыздың жолсерігі Азамат Смағұлов жеңімпаз атанды. Болат жол бойында тоғыз жылдан аса қызмет етіп келе жатқан жолсерік киім-киісі, жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті арқылы әріптестерінен оқ бойы озық шыққан. Жеңімпаз жігітке Қытайдың Хайнань аралына бір апталық демалысқа туристік жолдама берілді.
Үздік пойыз бригадасы
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастыруымен өткен кәсіби байқауда біліктіліктерімен танылып, жолаушыға қызмет көрсетуде ерекше қабілеттілік көрсете білген «Солтүстік» аймақтық филиалының намысын қорғаған бригада топ жарып, «Үздік пойыз бригадасы» номинациясын иемденді. Үздік жолсеріктер командасына «Жолаушылар тасымалы» АҚ президентінің кубогы табыс етілді.
Ерлік осылай туады
Темір жол көлігінде көздің қарашығындай сақталатын қасиетті ұғым қауіпсіздікті сақтау дегеніміз – апаттың алдын алу, адам өмірін сақтап қалу деген сөз. Үстіміздегі жылдың маусым айында қарағандылық машинист Ерболат Жүнісов пен көмекшісі Максим Гаюк белгі беру қызметінің қателігі, яғни бағдарды дұрыс көрсетпеуі салдарынан төтенше жағдайға тап болып, кәсіби біліктіліктерінің арқасында тығырықтан жол тапты. Қос теміржолшы өздері бағыт алған жолда жолаушылар пойызымен бетпе-бет келіп, абырой болғанда машинистің дер кезде тежегішті басып, пойызды тоқтатып үлгергенінің арқасында алапат апаттың алдын алып, жүздеген жолаушының өмірін сақтап қалған еді.
Дайындаған Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты