«Нұрлы жол» вокзалы: Қош бол, ЭКСПО!
Новости
12.09.2017, 11:58
Әлем назарын өзіне аударған қазақтың Елордасындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі де тоқсан күндік жұмысынан соң салтанатты түрде жабылды. Осыған орай өткен сенбіде «Нұрлы жол» вокзалында шағын концерт ұйымдастырылып, оны жүзге жуық жолаушылар мен оларды шығарып салушылар тамашалады.
Әлем халықтары үшін Қазақстан өз есігін айқара ашты, құшағын жайып, қонақтарына төрінен орын берді. Жылдап күткен ЭКСПО көрмесін еліміз жоғары деңгейде абыроймен өткізіп шықты. Жалпы бұл жыл Қазақстан үшін жемісті болды. Сондай жетістіктеріміз жырланған шара вокзалдың төртінші қабатында өткізіліп, жиналғандар көрмеге қатысушы елдер жалауын жалаулатып, құрмет көрсетті.
– Мен жаңа вокзалды аралап, толықтай көріп шығу үшін Ақтөбеге қарай пойызға мінерден екі сағат бұрын әдейі ерте келген едім. Міне, соным бекер болмапты. Мұнда кафеде дәмді тамақтанып, одан ұялы телефонымды тегін қуат көзіне қосып қана қоймай, сонымен бірге мынадай керемет шоуды тамашалау мүмкіндігіне ие болдым. Теміржолшыларға, вокзал қызметкерлеріне осындай әдемі ғимарат үшін, ондағы тазалық пен сапалы қызмет үшін алғыс білдіремін, – деп Нәзия Сахова деген жолаушы өз әсерімен бөлісті.
Жолаушыларға вокзалдың бірыңғай формада әдемі киінген қызметкерлерінің көрсеткен өнері, салған әндері ерекше ұнады. Тіпті концерттік бағдарламаның өзі көрме өткізілген жылға символикалық тұрғыда сәйкес етіліп, дәл кешкі сағат 20.17-де ұйымдастырылды. Шараның ұсақ-түйегіне дейін ойластырылғаны өн бойынан көрініп тұрды.
Белгілі болғандай, қызметкерлер концерттік номерлерді жұмыстан тыс уақытта дайындапты.
–Бұл жобаны біз өзімізді ЭКСПО-ның ажырамас бөлшегі ретінде санағандықтан жасадық. Себебі, біздің вокзал мен көрме қатар ашылған жоқ па?! Сол ашылғаннан бергі үш ай ішінде ЭКСПО қонақтарының барлығын осы вокзал қарсы алып, шығарып салып отырды. Сондықтан осы күнге арнап белгілі әннің әуеніне сөз жаздық, – дейді жаңа вокзалдың бастығы Дінмұхамед Құсаинов.
Сонымен бірге вокзал ашылған аз ғана мерзім ішінде ол тек Елорда қонақтарына ғана ұнап қоймай, интернет кеңістігінде де өз сәулетіне тамсанған адамдардың ортақ тақырыбына айналды. Осы күнге дейін вокзалға 1 миллион 800 мыңнан астам жолаушы келген.
–Тыңдап қарасақ, мұнда нағыз таланттар жұмыс істейді екен, өздері теміржолшы бола тұра өте кәсіби түрде, әндерін әдемі айтты. Барлығы жарқын, есте қаларлық етіп ұйымдастырылыпты. Сонымен бірге патриоттық сезіміңді де оятады, – деп тамсанды Семейден келген қонақ Ардақ Махшулов.
Әсел ШАЙХЫНОВА
Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова