«Нұрлы жол» вокзалы: Қош бол, ЭКСПО!

Жаңалықтар
12.09.2017, 11:58
Әлем назарын өзіне аударған қазақтың Елордасындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі де тоқсан күндік жұмысынан соң салтанатты түрде жабылды. Осыған орай өткен сенбіде «Нұрлы жол» вокзалында шағын концерт ұйымдастырылып, оны жүзге жуық жолаушылар мен оларды шығарып салушылар тамашалады. Әлем халықтары үшін Қазақстан өз есігін айқара ашты, құшағын жайып, қонақтарына төрінен орын берді. Жылдап күткен ЭКСПО көрмесін еліміз жоғары деңгейде абыроймен өткізіп шықты. Жалпы бұл жыл Қазақстан үшін жемісті болды. Сондай жетістіктеріміз жырланған шара вокзалдың төртінші қабатында өткізіліп, жиналғандар көрмеге қатысушы елдер жалауын жалаулатып, құрмет көрсетті. – Мен жаңа вокзалды аралап, толықтай көріп шығу үшін Ақтөбеге қарай пойызға мінерден екі сағат бұрын әдейі ерте келген едім. Міне, соным бекер болмапты. Мұнда кафеде дәмді тамақтанып, одан ұялы телефонымды тегін қуат көзіне қосып қана қоймай, сонымен бірге мынадай керемет шоуды тамашалау мүмкіндігіне ие болдым. Теміржолшыларға, вокзал қызметкерлеріне осындай әдемі ғимарат үшін, ондағы тазалық пен сапалы қызмет үшін алғыс білдіремін, – деп Нәзия Сахова деген жолаушы өз әсерімен бөлісті. Жолаушыларға вокзалдың бірыңғай формада әдемі киінген қызметкерлерінің көрсеткен өнері, салған әндері ерекше ұнады. Тіпті концерттік бағдарламаның өзі көрме өткізілген жылға символикалық тұрғыда сәйкес етіліп, дәл кешкі сағат 20.17-де ұйымдастырылды. Шараның ұсақ-түйегіне дейін ойластырылғаны өн бойынан көрініп тұрды.   Белгілі болғандай, қызметкерлер концерттік номерлерді жұмыстан тыс уақытта дайындапты. –Бұл жобаны біз өзімізді ЭКСПО-ның ажырамас бөлшегі ретінде санағандықтан жасадық. Себебі, біздің вокзал мен көрме қатар ашылған жоқ па?! Сол ашылғаннан бергі үш ай ішінде ЭКСПО қонақтарының барлығын осы вокзал қарсы алып, шығарып салып отырды. Сондықтан осы күнге арнап белгілі әннің әуеніне сөз жаздық, – дейді жаңа вокзалдың бастығы Дінмұхамед Құсаинов. Сонымен бірге вокзал ашылған аз ғана мерзім ішінде ол тек Елорда қонақтарына ғана ұнап қоймай, интернет кеңістігінде де өз сәулетіне тамсанған адамдардың ортақ тақырыбына айналды. Осы күнге дейін вокзалға 1 миллион 800 мыңнан астам жолаушы келген. –Тыңдап қарасақ, мұнда нағыз таланттар жұмыс істейді екен, өздері теміржолшы бола тұра өте кәсіби түрде, әндерін әдемі айтты. Барлығы жарқын, есте қаларлық етіп ұйымдастырылыпты. Сонымен бірге патриоттық сезіміңді де оятады, – деп тамсанды Семейден келген қонақ Ардақ Махшулов.

Әсел ШАЙХЫНОВА

Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты