Жолаушылар пойыздары мен вагон мейрамханаларында тазалықтың талапқа сай болуы – бірінші кезектегі міндет.   Үстіміздегі жылдың 9 айында Маңғыстау бөлімшелік   көліктегі денсаулық сақтау  басқармасы тексеру нәтижесінде олардан 9 бұзушылық тауып,  204 мың 210 теңге айыппұл салып, мекеме басшыларына халықтың санитарлық эпидемииологиялық  салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде  4  нұсқама берген.  Өткен жылы тексеріс қорытындысында 14 бұзушылық анықталып, санитарлық-микробиологиялық зеттеу нәтижесінде  8 жолаушылар вагонының су сынамасы  талаптарға сай келмегендіктен жұмысын тоқтату туралы 4 қаулы шығарылған екен. Алайда, осы бойынша сотқа берілген талап арыз санитарлық нұсқама  орындалғандықтан қараусыз қалдырылған. Ал биылғы жыл ондай деректер төмендеген. Бірақ жоспардан тыс тексерістер артқан. Былтыр 9 айда 6 тексеріс болса, ағымдағы жылы үш тоқсанда 17 тексеріс болған. Оның ішінде санитарлық ұйғарымның орындалысы бойынша теміржолға қарасты мекемелерге -12, теміржолшылар  арасында жұқпалы ауру тіркелуіне байланысты -3, Маңғыстау көлік прокуратурасының талаптары бойынша Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерге тексеріс жүргізіліп,  көлік прокуратурасының ұсынымы  бойынша 2 айыппұл белгіленген. Өткен жылы жеке  және заңды  тұлғалардан  12 арыз түссе, осы жылғы атаулы мерзімде Маңғыстау бөлімшесіне қарасты мекемелерге қатысты  5  арыз болған. Маңғыстау бөлімшелік   көліктегі денсаулық сақтау  басқармасының басшысы Ақзия Темірқасованың айтуынша, мекеме  "EXPO-2017" көрмесіне жолаушылар пойызымен балалар ұжымдарын тасымалдауда да қажетті іс-шараларды алып, вагондар тазалығы мен тағамдарға, балалардың денсаулығына мониторинг жасап отырған. Сонымен қатар мекеменің өз міндетіне сай теміржол мекемелері, пойыз бригадалары, жолаушылар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп, 9 айда 3 семинар-кеңес, 55 әңгімелесу, 4 лекция ұйымдастырған. Мақсат – әрине, санитарлық сауаттылыққа  үндеу.   

Шахида Жұман,

Маңғыстау