Санитарлық сауаттылыққа үндейді
Жаңалықтар
20.10.2017, 11:09
Жолаушылар пойыздары мен вагон мейрамханаларында тазалықтың талапқа сай болуы – бірінші кезектегі міндет.
Үстіміздегі жылдың 9 айында Маңғыстау бөлімшелік көліктегі денсаулық сақтау басқармасы тексеру нәтижесінде олардан 9 бұзушылық тауып, 204 мың 210 теңге айыппұл салып, мекеме басшыларына халықтың санитарлық эпидемииологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде 4 нұсқама берген.
Өткен жылы тексеріс қорытындысында 14 бұзушылық анықталып, санитарлық-микробиологиялық зеттеу нәтижесінде 8 жолаушылар вагонының су сынамасы талаптарға сай келмегендіктен жұмысын тоқтату туралы 4 қаулы шығарылған екен. Алайда, осы бойынша сотқа берілген талап арыз санитарлық нұсқама орындалғандықтан қараусыз қалдырылған. Ал биылғы жыл ондай деректер төмендеген. Бірақ жоспардан тыс тексерістер артқан. Былтыр 9 айда 6 тексеріс болса, ағымдағы жылы үш тоқсанда 17 тексеріс болған. Оның ішінде санитарлық ұйғарымның орындалысы бойынша теміржолға қарасты мекемелерге -12, теміржолшылар арасында жұқпалы ауру тіркелуіне байланысты -3, Маңғыстау көлік прокуратурасының талаптары бойынша Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерге тексеріс жүргізіліп, көлік прокуратурасының ұсынымы бойынша 2 айыппұл белгіленген. Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан 12 арыз түссе, осы жылғы атаулы мерзімде Маңғыстау бөлімшесіне қарасты мекемелерге қатысты 5 арыз болған.
Маңғыстау бөлімшелік көліктегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақзия Темірқасованың айтуынша, мекеме "EXPO-2017" көрмесіне жолаушылар пойызымен балалар ұжымдарын тасымалдауда да қажетті іс-шараларды алып, вагондар тазалығы мен тағамдарға, балалардың денсаулығына мониторинг жасап отырған. Сонымен қатар мекеменің өз міндетіне сай теміржол мекемелері, пойыз бригадалары, жолаушылар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізіп, 9 айда 3 семинар-кеңес, 55 әңгімелесу, 4 лекция ұйымдастырған. Мақсат – әрине, санитарлық сауаттылыққа үндеу.
Шахида Жұман,
Маңғыстау
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты