Бітпейтін дау – сол баяғы төрт түлік...
Новости
24.10.2017, 11:21
Жыл басынан қазан айының 7-не дейін Маңғыстау жол дистанциясына қарасты темір жол бойында тепловоз машинистері өткен он айда 46 рет жедел тежеу жасауға мәжбүр болған...
Себеп, әрине біреу – бағусыз ауа жайылған малдың жолға шығып кетуі. «Айта –айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, жазыла-жазыла жауыр болған тақырып күн тәртібінен әлі күнге түспей отырғаны, мәселенің шешімін таппай отырғанымен байланысты болса керек. Мал-жанды басудың алдың алу барлық уақытта мүмкін бола бермейтіні тағы белгілі, мұнда да 3 мал пойызға басылса, бір адам өз абайсыздығы салдарынан қаза болған. Сонымен қатар, теміржол үстіне бөгде зат қойып кеткен бұзақылардың кесірінен 2 рет пойыз тоқтатылған дерек тіркелген.
Дегенмен, бұл өткен жылмен салыстырғанда «құдайға шүкір» дегізгендей. 2016 жылдың он айында машинистер 76 рет шұғыл тежеу беріп, 23 ірі қара малы басып кеткен. Жыл бойы тынымсыз жүргізілген профилактикалық жұмыстар нәтижесінде дерек былтырғы кезеңнен 30 ретке төмендеген.
– Малмен байланысты тежеулер былтырғыға қарағанда қысқарғанымен, төрт түліктің иесін табуда қиындықтар әлі де бар. Көп жағдайда Маңғыстау локомотив депосының кезекшілері оқыс тежеу хабарламасын кешіктіріп береді. Мысалы, мал баспау үшін 14 наурызда Тамақ-№16 темір жол бекеті аралығында №2101 жүк пойызының шұғыл тежеуге барғанын – 1 күн, 14 мамырда Шетпе станциясы мен №13 темір жол бекеті аралығында № 2835 жүк пойызының жедел тежегішті басқанын – 2 күн, 3 қыркүйекте №13 – №12 темір жол бекеттерінің № 8-пикет тұсында №313 «Атырау – Маңғышлақ» жолаушылар пойызы жасаған тежеуді – 2 күн, 24 мамырда Өзен станциясы 179 км 1-пикетте №3403 жүк пойызының оқыс тоқтағанын – 1 күн кешіктіріп хабарлады. Соңғы мал басу дерегі 29 қыркүйекте жергілікті уақытпен 22.55 сағатта Қызыләскер – Көкбекті бекеті 1012 км 5-пикет маңында болды. Онда түйе малы № 319 «Душанбе-Москва» жолаушылар пойызының алдына шыққан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барғанша түйенің екі құлағындағы электронды сырға кесіліп алынған екен. Үш күн іздестіруден кейін иесі белгілі болды. Яғни, хабар дер кезінде тәртіп сақшыларына жетпесе, малын темір жол маңына жіберіп, қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін шаруаларды анықтау, олармен жұмыс жүргізу бізге қиындай береді, – дейді бұл туралы желілік ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Серік Оразғалиев өз пікірін білдіріп.
Оның айтуынша, желілік ішкі істер бөлімі теміржол мекемелеріне қажетті ұсыныстарын да беріпті. Өйткені теміржолдағы төтенше жағдай болған жерге біріншілерден болып баратын кім? Әрине – теміржолшылар.
Төрт түліктің теміржолда тайраңдап жүруінің бір себебі, қоршалған бөгеттердің сымдары үзілген немесе мүлдем қоршаулардың жоқтығы көрінеді. Әсіресе, Тамақ – №16 темір жол бекеті, Бейнеу – Оазис, Бейнеу – Үстірт, Үстірт – Сай-Өтес және № 11,12,13 темір жол бекеттері мен Шетпе станциясы аралықтарында қоршау жоқтығы жағдайды қиындатып отыр екен.
Шахида Жұман
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова