Бітпейтін дау – сол баяғы төрт түлік...

Жаңалықтар
24.10.2017, 11:21
Жыл басынан қазан айының 7-не дейін Маңғыстау жол дистанциясына қарасты темір жол бойында тепловоз машинистері өткен он айда 46 рет жедел тежеу жасауға мәжбүр болған... Себеп, әрине  біреу – бағусыз ауа жайылған малдың жолға шығып кетуі. «Айта –айта Алтайды, Жамал апам  қартайды» демекші, жазыла-жазыла жауыр болған тақырып күн тәртібінен әлі күнге түспей отырғаны, мәселенің шешімін таппай отырғанымен байланысты болса керек.  Мал-жанды басудың алдың алу барлық уақытта мүмкін бола бермейтіні тағы белгілі, мұнда да 3 мал пойызға басылса, бір адам өз абайсыздығы салдарынан қаза болған. Сонымен қатар, теміржол үстіне бөгде зат қойып кеткен бұзақылардың кесірінен 2 рет пойыз тоқтатылған дерек тіркелген. Дегенмен, бұл өткен жылмен салыстырғанда «құдайға шүкір» дегізгендей.  2016 жылдың он айында  машинистер 76 рет шұғыл тежеу беріп,  23 ірі қара малы басып кеткен.  Жыл бойы тынымсыз жүргізілген профилактикалық жұмыстар нәтижесінде дерек былтырғы кезеңнен 30 ретке төмендеген.       –  Малмен байланысты тежеулер былтырғыға қарағанда қысқарғанымен, төрт түліктің иесін табуда қиындықтар әлі де бар. Көп жағдайда Маңғыстау локомотив депосының кезекшілері оқыс тежеу хабарламасын кешіктіріп береді. Мысалы, мал баспау үшін 14 наурызда Тамақ-№16 темір жол бекеті аралығында №2101 жүк пойызының шұғыл тежеуге барғанын – 1 күн, 14 мамырда Шетпе станциясы мен №13 темір жол бекеті аралығында № 2835 жүк пойызының  жедел тежегішті басқанын – 2 күн, 3 қыркүйекте №13 – №12 темір жол бекеттерінің № 8-пикет тұсында  №313 «Атырау – Маңғышлақ» жолаушылар пойызы жасаған тежеуді – 2 күн, 24 мамырда Өзен станциясы 179 км 1-пикетте №3403 жүк пойызының оқыс тоқтағанын – 1 күн кешіктіріп хабарлады. Соңғы мал басу дерегі  29 қыркүйекте жергілікті уақытпен 22.55 сағатта  Қызыләскер – Көкбекті бекеті 1012 км 5-пикет маңында болды. Онда түйе малы № 319 «Душанбе-Москва» жолаушылар пойызының алдына шыққан. Полиция қызметкерлері оқиға орнына барғанша түйенің екі құлағындағы электронды сырға кесіліп алынған екен. Үш күн іздестіруден кейін иесі белгілі болды. Яғни, хабар дер кезінде тәртіп сақшыларына жетпесе, малын темір жол маңына жіберіп, қозғалыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретін шаруаларды анықтау, олармен жұмыс жүргізу бізге қиындай береді, – дейді бұл туралы  желілік ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Серік Оразғалиев өз пікірін білдіріп.    Оның айтуынша,  желілік ішкі істер бөлімі теміржол мекемелеріне  қажетті ұсыныстарын да беріпті. Өйткені теміржолдағы төтенше жағдай болған жерге біріншілерден болып баратын кім?  Әрине – теміржолшылар.       Төрт түліктің теміржолда тайраңдап жүруінің бір себебі, қоршалған бөгеттердің сымдары үзілген немесе мүлдем қоршаулардың жоқтығы көрінеді. Әсіресе, Тамақ – №16 темір жол бекеті, Бейнеу – Оазис, Бейнеу – Үстірт, Үстірт – Сай-Өтес және № 11,12,13 темір жол бекеттері мен Шетпе станциясы аралықтарында қоршау жоқтығы жағдайды қиындатып отыр екен.   

Шахида Жұман        

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты