Біліктілік байқауында бақ сынасты 

Новости
27.10.2017, 09:45
 Маңғыстау ЖТ бөлімшесінде жұмысшылардың білімі мен білігін, техникалық дайындығын ширата түсу, міндетіне сай талаптарды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында төрт аталымнан тұратын сайыс ұйымдастырылды.   Байқауға Маңғыстау, Бейнеу, Болашақ станцияларынан, вагон және  локомотив пайдалану деполарынан теміржолшылар қатысып "Үздік видеофильм", "Үздік лектор", "Үздік техникалық кабинет", "Пойыздар қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтың, техникалық пайдалану ережелерінің, сигналдар жөніндегі нұсқаулықтың үздік білгірі" номинациялары үшін сынға түсті. Командалық есепте Маңғыстау станциясының жұмысшылары 1 орыннан көрінді. Олар "Үздік видеофильм", "ПҚН, ТПЕ, СЖН үздік білгірі" аталымдарын жеңді. Техникалық кабинеттердің үздігі Болашақ станциясынан табылды. Бейнеу станциясынан оқыту жөніндегі нұсқаушы Қайрат Лұқмановтың ораторлық қабілеті өзге үміткерлердің өнерінен озық деп танылды.  -  Қатысушылар санына шектеу қойылған жоқ. "Үздік лекторға" вагон, локомотив шаруашылықтарының нұсқаушылары, станция басшылары үміткер болды. Олар алдын ала өз ұжымдарында бақ сынады. Ойын командалық есепте өтті. Әр топта станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар, локомотив бригадасынан адамдар болды. "Техникалық кабинет" номинациясында Бейнеу және Маңғыстау станцияларынан 3, Болашақтан 1 оқу бөлмесі қаралды. Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталғандықтан жеңіс "болашақтықтарға" бұйырды. Фильм жұмыс жағдайындағы төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау бойынша түсірілді,-дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік оқыту шебері. Байқауға  бөлішенің бас инженері Қарақат Жаканов, қауіпсіздік бөлімінің бастығы Жарас Жолаев, өндірістік-техникалық бөлім бастығы Ернар Айдарханов, қауіпсіздік бөлімінің локомотив, вагон шаруашылығы жөніндегі ревизорлары Қайрат Ниязов, Берік Имашев, локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Марат Алхабеков, вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету пункті басшысы Жұмабек Якупбаев және өндірістік оқыту шеберлері әділ қазылық етті.

Шахида Жұман,

Маңғыстау.

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова