Біліктілік байқауында бақ сынасты
Жаңалықтар
27.10.2017, 09:45
Маңғыстау ЖТ бөлімшесінде жұмысшылардың білімі мен білігін, техникалық дайындығын ширата түсу, міндетіне сай талаптарды меңгеру деңгейін анықтау мақсатында төрт аталымнан тұратын сайыс ұйымдастырылды.
Байқауға Маңғыстау, Бейнеу, Болашақ станцияларынан, вагон және локомотив пайдалану деполарынан теміржолшылар қатысып "Үздік видеофильм", "Үздік лектор", "Үздік техникалық кабинет", "Пойыздар қозғалысы жөніндегі нұсқаулықтың, техникалық пайдалану ережелерінің, сигналдар жөніндегі нұсқаулықтың үздік білгірі" номинациялары үшін сынға түсті. Командалық есепте Маңғыстау станциясының жұмысшылары 1 орыннан көрінді. Олар "Үздік видеофильм", "ПҚН, ТПЕ, СЖН үздік білгірі" аталымдарын жеңді. Техникалық кабинеттердің үздігі Болашақ станциясынан табылды. Бейнеу станциясынан оқыту жөніндегі нұсқаушы Қайрат Лұқмановтың ораторлық қабілеті өзге үміткерлердің өнерінен озық деп танылды.
- Қатысушылар санына шектеу қойылған жоқ. "Үздік лекторға" вагон, локомотив шаруашылықтарының нұсқаушылары, станция басшылары үміткер болды. Олар алдын ала өз ұжымдарында бақ сынады. Ойын командалық есепте өтті. Әр топта станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар, локомотив бригадасынан адамдар болды. "Техникалық кабинет" номинациясында Бейнеу және Маңғыстау станцияларынан 3, Болашақтан 1 оқу бөлмесі қаралды. Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталғандықтан жеңіс "болашақтықтарға" бұйырды. Фильм жұмыс жағдайындағы төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау бойынша түсірілді,-дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік оқыту шебері.
Байқауға бөлішенің бас инженері Қарақат Жаканов, қауіпсіздік бөлімінің бастығы Жарас Жолаев, өндірістік-техникалық бөлім бастығы Ернар Айдарханов, қауіпсіздік бөлімінің локомотив, вагон шаруашылығы жөніндегі ревизорлары Қайрат Ниязов, Берік Имашев, локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары Марат Алхабеков, вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету пункті басшысы Жұмабек Якупбаев және өндірістік оқыту шеберлері әділ қазылық етті.
Шахида Жұман,
Маңғыстау.
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты